Нуржігіт Алтынбеков
175
тұқылындағы кесілген жүйкелік сабақтардың ұштарында да пайда болады. Олар
жүйкелік сабақтар мен дәнекер тін талшықтарынан құрылады;
ампутациялық
неврома
деп аталады.
Жарақаттың жазылуы
Жарақат
репарациялық регенерация заңдылығы негізінде жазылады.
Жарақаттың жазылу қарқыны мен ақыры, зақымның ауқымы мен тереңдігіне,
жарақаттанған мүшенің құрылымдық ерекшелігіне, организмнің жалпы
жағдайы мен қолданған емге байланысты. И.В. Давыдовский жарақаттың
төмендегідей жазылу жолдарын ажыртқан-ды: 1) жамылғылық эпителий
ақауының тікелей жабылуы; 2) жарақаттың қабыршақтанып жазылуы; 3)
жарақаттың бірден бітеліп жазылуы; 4) жарақаттың кейін бітеліп, іріңдеу
арқылы жазылуы.
Достарыңызбен бөлісу: