Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет199/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   832
Вегетативтік түйіндер
зақымдалса, жасушаларының ультрақұрылымдарымен қатар, өздері де көбейіп, 
жаңадан түзіледі. 
Шеткі жүйкелік сабақтардың 
регенерациясы жасушалық 
жолмен атқарылады. Оның орталық жақтағы зақымдалмаған жасушамен 
жалғасқан бөлімі арқылы жүзеге асып, дистал бөлімі жойылады. Жойылған 
шеткі бөлімнің Шванн қабықшасының жасушалары көбейе келе, өне бойын 
қуалай Бюнгнер жолағы деп аталатын қаптама түзіп, оның ішіне қарай 
проксимал үзіктің ортасындағы түтікше өседі. Ақырында жаңғырған жүйкелік 
талшық миелинденіп, ұшындағы рецепторлар қалпына келеді. 
Рецепторлар
мен перицеллюлалық синапстық құрылымдардың және эффекторлардың 
регенерациялық гиперплазиясы, олардың ұшындағы құрылымның ұлғаюымен 
сабақтасады. Егер жүйкелік сабақта регенерация түрлі себептен бұзылса 
(үзілген ұштары шалғай, қабыну), оның үзілген жерін тыртық жайлап, 
проксимал бөлікте қалыптасқан жаңа біліктік түтікшелер ретсіз жайғасады. Тап 
осындай құрылымдар бір бөлігін алып тастаған қолдың немесе аяқтың 


Нуржігіт Алтынбеков 
175
тұқылындағы кесілген жүйкелік сабақтардың ұштарында да пайда болады. Олар 
жүйкелік сабақтар мен дәнекер тін талшықтарынан құрылады
ампутациялық 
неврома
деп аталады.
Жарақаттың жазылуы 
Жарақат
 
репарациялық регенерация заңдылығы негізінде жазылады. 
Жарақаттың жазылу қарқыны мен ақыры, зақымның ауқымы мен тереңдігіне, 
жарақаттанған мүшенің құрылымдық ерекшелігіне, организмнің жалпы 
жағдайы мен қолданған емге байланысты. И.В. Давыдовский жарақаттың 
төмендегідей жазылу жолдарын ажыртқан-ды: 1) жамылғылық эпителий 
ақауының тікелей жабылуы; 2) жарақаттың қабыршақтанып жазылуы; 3) 
жарақаттың бірден бітеліп жазылуы; 4) жарақаттың кейін бітеліп, іріңдеу 
арқылы жазылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет