Нуржігіт Алтынбеков
182
(«
Жасушалық патологияны
»
қара
).
Гистоархитектоникалық өзгеріс
кезінде
эпителийдің полярлылығы мен осы тінге немесе осы мүшеге тән нышандары
(эпителийдің гисто- және органспецификалылығы) жойылады. Сонымен,
дисплазия –
жасушаға
емес,
тінге
қатысты ұғым.
Пролиферацияның қарқыны мен жасушалық
және тіндік атипияның
айқындығына қарай, атипияның үш дәрежесін ажыратады: I – төмен; II –
орташа; III – ауыр.
Дисплазия көбіне қабыну және регенерация үдерістерінде дамып, жасушаның
көбеюі мен толысу өзгерістерін бейнелейді. Оның алғашқы (I–II) кезеңдерін,
әсіресе метаплазиялы эпителийдегі дисплазияны, патологиялық регенерациядан
ажырату қиын. Дисплазияның бұл кезеңдері қайтымды. Ауыр дәрежелі кезеңде
(III кезең)
дисплазияның кері дамуы сирек, сондықтан ракалдылық үдеріс деп
қарастырылады. Кейде оны карцинома
in
situ
-дан («орнындағы рактан»)
ажырату да өте қиын болады.
Бұл мәселе жатыр мойнынан, асқазаннан, ж.б.
мүшелерден қайта алынған биопсияларды зерттеп жинақтаған деректер арқылы
дәйектелген.
Достарыңызбен бөлісу: