Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет235/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   832
101-сурет. Тубулалы аденома. 
102-сурет. Бүрлі аденома. 
Қ
АТЕРЛІ ІСІКТЕР
 
Шала толысқан немесе толыспаған эпителийлік жасушалардан (түпкі немесе 
ізашар жасушалардан) дамитын қатерлі ісіктер 
рак
(қазақшада ғылыми 
аталамын қолданып, 
карцинома 
деген дұрыс сияқты.
– 
Ауд.
) деп аталады. 
Әдетте, карцинома – қатты немесе жұмсақ, айқын шектелмеген, кейде 
төңірегіндегі тінмен бірігіп кеткен түйінді құрылым. Оның кесіндісінің 
ақшылдау түсті бетінен 
карциномалық
шырын
деп аталатын ылайсаңдау 
қырынды сұйықтық алуға болады. Кілегейлік қабықшалар мен терінің 
карциномасы 
ойылып, 
жаралар 
өте 
ерте 
кезеңінде 
қалыптасады. 
Карциноманың микробейнелік нысандары
мынадай: «орнындағы карцинома» 
(
carcinoma in situ
); қасаңды және қасаңданбаған жайпақ жасушалы 
(эпидермалық); аденокарценома (безді); шырышты (коллоидты); тығыз 
(солидты, трабекулалы); ұсақ жасушалы; фиброзды (скирр); медуллалық 
(аденогендік). 
«Орнындағы карцинома
», яғни 
carcinoma
in
situ
(эпителийішілік, инвазиялы 
карцинома) – атипизм мен пролиферация айқын бейнелі болып, атипиялық 
митоз байқалатын (103-сурет), эпителийлік жасушалардан дамитын 
карциноманың инвазиясыз (инфильтрациясыз) нысаны. Карциноманың бұл 
түрін ауыр дәрежелі дисплазиядан ажыратып алу қажет болады. Ісік 
эпителийлік қабатты ғана қамтып, оның астына жайылмайды. Карциноманың 
бұл түрі жатыр мойнында жан-жақты зерттелген және асқазан мен кеңірдектің 
кілегейлі қабықшасында да жүйелі сипатталған. Инвазиясыз карцинома – ісіктің 
даму барысының бір кезеңі. Ол біраздан соң инфильтрациялы (инвазиялы) 
карциномаға айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет