Нуржігіт Алтынбеков
203
эндометрийдің, зәр шығаратын жолдың және басқа мүшелердің эпителийі
жатады.
Органбейспецификалы эпителийлік ісіктер қатерсіз және қатерлі (карцинома)
болып жіктеледі. Осы топқа жататын ісіктердің түрлері 6–кестеде көрсетілген.
6-кесте. Дамитын орны бейспецификалы эпителийлік ісіктер
Ісіктің даму көзі
Қатерсіз ісіктер
Қатерлі ісіктер
Жайпақ және өтпелі
эпителий
Папиллома
«Орнындағы карцинома»,
жайпақ
жасушалы
қасаңданбаған
және
қасаңданған карцинома
Призмалық
және
бездік эпителий
Аденома:
ацинусты,
тубулалы,
трабекулалы,
бүрлі,
фиброаденома,
аденомалы полип
«Орнындағы карцинома»,
аденокарцинома,
кілегейлі
(коллоидты) карцинома
Эпителийдің
түпкі
жасушалары
мен
ізашар жасушалары
Карцинома: солидты, ұсақ
жасушалы,
фиброзды,
медуллалы
Қ
АТЕРСІЗ ІСІКТЕР
Қатерсіз эпителийлік ісіктерге папиллома мен аденома жатады.
Папиллома
(латынша:
papilla
– бүр) – жайпақ және өтпелі эпителийден өнетін
ісік (100-сурет). Папилломаның
пішіні шар тәрізді, тіні қатты немесе жұмсақ,
үсті бүрлі, көлемі тары немесе ірі бұршақтай болады. Ол
терінің немесе
кілегейлі қабықшаның үстінде жіңішке немесе жуан сабақ арқылы жалғасып
жайғасады. Ісікті қабаты қалыңдап көбейген жамылғылық эпителий құрайды.
Терінің папилломасы түрлі деңгейде қасаңдануы мүмкін.
Оның стромасы айқын
дамып, эпителиймен қосарлана өседі. Папилломада жасушаның полярлылығы,
кешенділігі, өзіндік мембранасы өзгермейді. Эпителий
мен строма біркелкі
жайылмай дамып, ұсақ тамырлар көп түзіліп, тіндік атипизм байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: