Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет231/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   832
Байланысты:
струков патан

2. Физикалық–химиялық теория
ісіктің қалыптасуын физикалық 
факторлармен және химиялық заттардың әсерімен байланыстырады. Түрлі 
тітіркендіргіштің әсерінен карцинома дамитыны бұрыннан белгілі. Осы 
байқауларға сүйініп, Р. Вирхов 1885 жылы карциноманың даму себебін 
түсіндіру үшін «тітіркендіру теориясын» ұсынған-ды. Физикалық-химиялық 
теория Р. Вирховтың бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілген осы 
теориясына негізделген. Қазір кәсіптік карцинома деп аталатын ісіктердің үлкен 
бір тобы белгілі. Олар: канцерогендер араласқан тозаңдардың (кобальт 
кеніштері) әсерінен дамыған өкпе карциномасы, рентгенологтардың қолының 
карциномасы, парафин өңдірісі жұмысшыларының бетінің карциномасы
анилин бояуымен жұмыс істейтіндердің қуығының карциномасы. Темекінің 
өкпе карциномасын жиілететіндігі айқын анықталған. Ісіктердің радиоактивті 
изотоптардың әсерінен қалыптасатындығының да күдік туғызбайтын дәлелдері 
бар.
Сөйтіп, көбіне ісіктердің дамуы 
канцерогендік заттардың
(канцерогендердің) 
әсерімен 
байланысты 
деуге 
болады. 
Соңғы 
жылдары 
химиялық 
канцерогендерге
, олардың ішінде ең белсенді деп есептелетін полициклды хош 
иісті көмірсуларға, хош иісті аминдер мен амидтерге нитроқоспаларға, 
афлатоксиндерге және өсімдіктер мен саңырауқұлақтар тіршілігінің басқа 
өнімдеріне ерекше мән беріліп жүр. Химиялық канцерогендердің шығу тегі 
эндогендік 
болуы 
мүмкін 
(Шабад.,1969). 
Эндогендік
химиялық 
канцерогендердің ішінде триптофан мен тирозиннің рөлі зор. Химиялық 
канцерогендердің генетикалық аппаратқа әсер ететіні дәлелденді. Вирустық-
генетикалық теорияда айтылғандай, канцерогендер де вирустық геномға 
«кірігеді» деуге болады. 
Химиялық канцерогенезге 
дисгормондық канцерогенездің
мәні жуық. 
Ісіктердің қалыптасып, жандануына организмдегі гормондардың қалыпты тепе-
теңдігі бұзылуының әсер ететіндігі де анықталған. Зат алмасуын реттейтін 
гормондардың дисбалансы канцерогенезді бастайтын механизм деп есептеледі. 
Бұл үдерісте нысана-мүшеге тікелей әсер ететін және организмдегі 
пролиферациялық үдерістің гормондармен реттелуін жүзеге асыратын 
эстрогендердің алатын орны ерекше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет