Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет280/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   832
Байланысты:
струков патан

мутациялық теориясын
ең дәлелді теория 
деуге болады. Сондықтан лейкоздың даму барысынан 
ісіктік прогрессия
теориясына (рас, ол барлық лейкозға тән емес) сәйкестік байқалады (Воробьев 
А.И.,1965). Моноклонды лейкоздық жасушалар поликлонды жасушаларға 
айналып, бластылық жасушалар көбейеді де, олар сүйек кемігінен қан арнасына 
шығып, ауруды өршіте түседі. Бұл 
бластылық криз
деп аталады. 
Классификациясы
. Лейкоздық жасушалар араласып, қанда лейкоциттер 
санының өсу деңгейіне қарай, лейкоздар 
лейкемиялық
(1 мкл қанда ондаған, 
жүздеген мың лейкоцит), 
сублейкемиялық
(лейкоциттер саны 1 мкл-де 15000 — 
25000-нан аспайды), 
лейкопениялық
(лейкоздық жасушалар болмайды, 
лейкоциттер саны өзгермейді) және 
алейкемиялық
(қанда лейкоздық жасушалар 
болмайды) 
варианттарға
жіктеледі. 
Қандағы ісіктік жасушалардың 
толысу
дәрежесіне
және аурудың 
ағымына
(қатерлі, қатерсіз) қарай, лейкоздар жедел және созылмалы түрге бөлінеді. 
Жедел лейкозбен
сырқаттарда толысқан немесе шала толысқан бластылық 
жасушалар көбейіп, ағымы қатерлі болады («
бластылық»
лейкоздар
), ал 
созылмалы лейкоз
кезінде лейкоздық жасушалардың толысқан түрлері ғана 
көбейіп, оның ағымы бірсыдырғы қатерсіз («
циттік»
лейкоздар
) келеді. 


Нуржігіт Алтынбеков 
242
Лейкоздық жасушалардың 
гисто(цито)генезі
негізінде жедел және 
созылмалы ағымды лейкоздар өз ретінде әртүрлі гисто(цито)-генездік 
нысандарға жіктеледі. Соңғы жылдары қанның жасалуы жайлы қалыптасқан 
жаңа деректерге байланысты лейкоздың классификациясына біраз өзгерістер 
енгізілді. Қанның жасалуының қазіргі жаңа тәсімінің негізгі (Чертков И.Л., 
Воробьев А.И., 1973) ерекшелігі — қан жасайтын әртүрлі ізашар жасушаларды 
кластарға жіктеу болып табылады. 
Сүйек кемігіндегі лимфоцит тәрізді плюрипотентті түпкі жасуша гемопоэздің барлық 
бастау көздеріне ортақ жалғыз-ақ камбийлік элемент болып табылады. Ретикулалық 
жасуша гемопоэздік, яғни «аналық» мәнін жойды; ол - сүйек кемігінің арнайы 
стромалық жасушасы ғана. Қан жасайтын түпкі жасуша полипотентті, ізашар 
жасушалардың I класына жатады. II класс дегеніміз - ол толық жетілмеген миело- және 
лимфопоэздің ізашар жасушалары. III класс В-лимфоциттердің, Т-лимфоциттердің, 
лейкопоэздің, эритропоэздің және тромбоцитпоэздің унипотентті ізашар жасушаларын 
қамтиды. Бұл үш кластың ізашар жасушаларында оларды гемопоэздің бастау көзінің 
нақты біреуіне жатқызуға мүмкіндік беретін морфологиялық нышан болмайды. IV 
класты өзіндік морфологиялық, сондай-ақ цитохимиялық сипаты бар (бірқатар 
ферменттердің, 
гликогеннің, 
гликозамингликандардың, 
липидтердің 
мөлшері 
тұрғысынан), көбейгіш жасушалар - бластылар (миелобласт, лимфобласт, плазмабласт, 
монобласт, эритробласт, мегакариобласт) құрайды. V класқа гемопоэздің толық 
жетілмеген, ал VI класқа - толық жетілген жасушалары кіреді . 
Бүгінгі таңда қалыптасқан қанжасам үдерісі жайлы ұғымға сүйене отырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет