ЛЕЙКОЗДАР — ҚАН ЖАСАЙТЫН ТІННІҢ ЖҮЙЕЛІК ІСІКТІ АУРУЛАРЫ Лейкоздар (лейкемия) — ісік текті қанжасамдық жасушалар (
лейкоздық жасушалар ) өрши өсіп, қан жүйесін түгел қамтитын аурулар тобы. Ісік
жасушалары әуелі қан жасайтын мүшелерде (сүйек кемігі, талақта, лимфалық
түйіндер) көбейіп, кейін қан арнасы арқылы басқа мүшелер мен тіндерге
жайылады және қан тамырларының төңірегі мен іргесіндегі интерстицийде
шоғырланады (
лейкоздық, яғни
лейкемиялық инфильтраттар ); мүшелердің
паренхималық элементтері семіп, жойылады. Ісіктік жасушалар
диффузды жайылып, мүшелерді (мысалы, талақ, бауыр, бүйрек, шажырқай) мен тіндерді
ұлғайтады, тіпті ісіктәрізді
ошақтар түзіп, мүшенің қабығы мен төңірегін де
қамтиды. Ісіктің түйіндері көбіне шашыранды лейкоздық инфильтраттардан
түзіледі, кейде бірден ісік түйіні пайда болып, кейін ол лейкоздық ошақтарға
бастау болады.
Лейкоздық жасушалардың қанға араласуы лейкозға тән бейне. Бұл жасушалар
мүшелер мен тіндерде тоқтаусыз көбейіп, қанды жайлап, анемия мен
геморрагиялы синдромға, паренхималы мүшелерді ауыр ағымды дистрофияға
ұшыратады. Лейкоз иммунитетті әлсіретеді, сондықтан ауыр әсерлі
некрозды ойық жаралар қалыптасып,
инфекциялық үдерістер асқынып,
сепсис өрбиді.
Этиологиясы мен патогенезі. Лейкоздың этиологиясы туралы мәселе ісіктер
мәселесімен тығыз байланысты, өйткені ол ісік текті үдеріс екендігі күмәнсіз.
Лейкоз — полиэтиологиялы ауру. Ол қ
анжасам жүйесі жасушаларын мутациялайтын әртүрлі
әсерлерден туындауы мүмкін.
Мутагендер ретінде иондағыш сәулелерді, вирустарды, бірқатар химиялық
заттарды атауға болады.
Вирустардың лейкоз дамытатыны жануарларға жасалған эксперимент
арқылы дәйектелді. Олар адамды жедел ағымды эндемиялық Т-лимфоцитті