Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет306/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
261
Идиопатиялық миокардиттің төрт морфологиялық (гистологиялық) типі бар 
(Рапопорт Я.Л.,1951): дистрофиялы (деструкциялы); қабынулы-инфильтратты; 
аралас және тамырлық. 
Дистрофиялы (деструкциялы)
типінде жасушалы жауап байқалмайды, 
кардиомиоциттер гидропиялы дистрофия мен лизиске ұшырайды (
ареакциялы 
миолиз)
. Бұлшықеттік жасушалар жойылған жерлердің ретикулалық стромасы 
қабысып қалады (коллапс). 
Қабынулы-инфильратты 
типінде миокардтың стромасы ұйымалы сулана 
ісініп, онда нейтрофилдер, лимфоциттер, макрофагтар, плазмациттер 
шоғырланады. Бұл жасушаларға көпядролы алып жасушалар араласады. 
Кардиомиоциттерді шамалап дистрофия шарпиды. 
Аралас
типінде деструкция және қабынулық инфильтраттар сабақтасады. 
Тамырлық
типінде қан тамырлары басымырақ зақымдалып, васкулит дамып, 
оған дистрофия мен қабынулық инфильтраттар қосарланады. 
Ақырында
идиопатиялық миокардиттің барлығы да 
ошақты
және\немесе 
диффузды кардиосклерозға
ұласады, көбіне миокард қалыңдап, ұлғаяды. 
Морфологиялық бейнесі әр алуан болғандықтан (миолиз, аралық қабыну, 
склероз, гипертрофия), идиопатиялық миокардиттің клиникалық нышандары 
мен клиникалық варианты да әртүрлі (аритмиялы, псевдокоронарлық, инфаркт 
тәрізді, т.б). 
Жүрек қызметі жеткіліксіз болып, эндокардта тромбылар түзілетіндіктен, 
жүректен 
басқа мүшелер
мен 
тіндер
де зақымдалады. Өкпеге, миға, бүйрекке, 
ішекке, талаққа, басқа да мүшелерге қан іркіліп, паренхималық элементтерінде 
дистрофия, тромбылы эмболия дамып, инфаркт пен қанды ошақтар пайда 
болады. 
Бұл аурудың ең жиі әрі қауіпті 
зардабы
— тромбылы эмболия. Кейде 
миокардит алғаш рет осы тромбылы эмболия арқылы білініп, анықталады.
Сырқат адам көбіне жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен немесе тромбылы 
эмболиядан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет