Нуржігіт Алтынбеков
258
қажет (Баркаган З.С., 1985): 1) қандағы тромбоциттердің саны қалыпты
мөлшерге жеткенімен,
тромбоциттердің функциясы, морфологиясы және
биохимиялық бейнесімен байланысты өзгерістер тұрақты болса, ол —
тромбоцитпатия болғаны; 2) тромбоцитпатия кезінде
дамыған геморрагиялық
синдромның айқындық деңгейі мен тромбоцитпенияның даму дәрежесінің
арақатынасында сәйкестік болмайды; 3
тромбоциттер
патологиясының гендік
өзгерістермен байланысты, әсіресе тұқымқуалайтын ақаулармен бірге дамыған
түрлерінің басым көпшілігі тромбоцитпатияға жатады; 4
егер тромбоциттер
сапасыздығы емдегенде
бәсеңдеп немесе толық жойылып, тұрақсыздық
байқалтса, ол салдарлық тромбоцитпатия болғаны.
Нуржігіт Алтынбеков
259
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары
адамның бүгінгі таңдағы патологиясында
басты орын алады. Статистикалық деректер атеросклероз,
гипертония ауруы,
жүректің ишемиялық ауруы мен жүрек кемістіктері сырқаттанудың басым
көпшілігін қамтып, өлім-жітімнің де негізгі себебі екендігін дәлелдейді.
Ең маңызды жүрек-тамыр ауруларының қатарына эндокардит, миокардит,
жүректің әртүрлі кемістіктері, кардиосклероз, атеросклероз, гипертония ауруы,
жүректің ишемиялық ауруы мен ми тамырларының аурулары және васкулиттер
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: