Нуржігіт Алтынбеков
267
мен Браунның рецепторлық теориясы), артериялардың интимасында
көпіршікті
жасушалар
пайда болады, олар
атеросклероз түйнекшелерінің
негізін қалайды.
Атеросклероздың
этиологиясы
ретінде
гормондық
факторлар
да
атеросклероз дамытатыны күмәнсіз. Мысалы, сусамыр мен гипотиреоз оған
қолайлы
жағдай туғызса, гипертиреоз бен эстрогендер оның дамуын тежейді.
Артериялық гипертензия мен қан тамырлары өткізгіштігінің артуы сияқты
гемодинамикалық факторлардың
да атерогендік рөлі күмән туғызбайды.
Гипертонияның қандай түрі болса да атеросклероз үдерісін үдете түседі.
Гипертония
атеросклерозды
тіпті
веналарда
да
дамытады
(кіші
қанайналымындағы гипертония — өкпе веналарында, порталық гипертония —
қақпалық веналарда).
Стрестік
жағдайларға, яғни жүйкеге
әсер ететін
факторларға
ерекше мән
беріледі. Май мен белок алмасуын реттейтін жүйкелік-эндокриндік
механизмдер мен вазомоторлық жауапты бұзып, атеросклерозға тән
өзгерістерге
қолайлы жағдай туғызатын
психоэмоциялық қажу
осындай
жағдайлармен байланысты (А.Л. Мясниковтың жүйкелік-метаболизмдік
теориясы). Сондықтан атеросклероз сапиентизациямен, яғни ақыл-ой
жұмысының өркендеуімен байланысты ауру деп есептеледі.
Атеросклероздың
дамуына
қан тамырларының
қабырғасындағы өзгерістердің
де айтарлықтай әсері бар. Артериялардың қабырғаларында артериит,
плазма
сіңу, тромбоз, склероз сияқты атеросклерозға қолайлы үдерістер, әсіресе
жұқпалы аурулармен сырқаттанғанда, әртүрлі заттармен уланғанда, артериялық
гипертония кезінде орын алады. Бұлардың ішінде қан тамырының қабырғасы
мен қалың қабатында қалыптасқан тромбылардың маңызы ерекше.
Өйткені
олар атеросклероз түйінінің негізін қалайды (Рокитанский мен Дьюгедтің
тромбыгендік теориясы). Кейбір ғалымдар артерия қабырғаларының адамның
жас шамасына қарай өзгеруіне үлкен мән беріп, атеросклерозды «жас шамасына
байланысты мәселе», яғни «геронтологиялық мәселе»
деп есептейді
(Давыдовский И.В., 1966). Патологтардың көбі бұл концепцияны қолдамайды.
Атеросклероздың
тұқымқуалайтын
факторлармен
байланыстылығы
дәлелденген мәселе (мысалы, гиперхолестеринемия тән кейбір отбасыларының
жас адамдарында атеросклероздың дамуы, апорецепторлардың тума ақауы).
Этникалық факторлардың
атеросклероз дамытатыны
жайлы да деректер
баршылық.
Қорыта айтсақ, атеросклерозды экзогендік және эндогендік әсерлерден бастау
алатын
полиэтиологиялық
ауру
деп есептеуге әбден болады.
Достарыңызбен бөлісу: