Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет313/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   832
Байланысты:
струков патан

алиментарлық факторлардың
ерекше 
әсері бар деп тұжырымдауға мәжбүр еткен-ді. Атеросклероздың Н.Н. Аничков 
ұсынған алиментарлық-инфильтрациялық теориясы осы тұжырымға негізделген 
болатын. Дегенмен, кейін экзогендік холестериннің тым көбеюі бірсыпыра 
жағдайда адамды атеросклерозға шалдықтырмайтыны, гиперхолестеринемия 
мен атеросклерозға тән морфологиялық өзгерістердің арасында айтарлықтай 
сабақтастық байқалмайтыны анықталды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
266
Қазір атеросклероздың себебі ретінде гиперхолестеринемиядан гөрі 
липопротеидтер алмасуының бұзылуына көбірек мән беріліп жүр. Өйткені 
липопротеидтер 
дұрыс 
алмаспағанда 
плазмада 
тығыздығы 
жоғары 
липопротеидтерден (ТЖЛП) гөрі тығыздығы өте төмен (ТӨТЖ) және 
тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) көбірек болады. 
Тығыздығы өте төмен липопротеидтер мен тығыздығы төмен липопротеидтің 
тығыздығы жоғары липопротеидтерден басты айырмашылығы - алғашқылардың 
липидтік бөлігі холестерин болса, соңғысының липидтік бөлігін 
фосфолипидтер
құрайды. Аталған липопротеидтердің барлығының белоктық бөлігі
апопротеин
болып 
табылады. Сөйтіп, 
холестериннің жасушадағы метаболизмі негізінен липопротеидтер 
алмасуымен
байланысты
. Ал, жасушада липопротеидтерді сезгіш арнаулы 
апорецепторлар бар. Егер заталмасулық үдеріс осы рецепторлармен дұрыс реттеліп 
отырса, онда жасуша холестеринді, ТӨТЛП мен ТТЛП-ның құрамынан алады; 
сіңірілмей қалған артық холестеринді ТЖЛП өзінің құрамына тартады (реттелген 
эндоцитоз). Ал, апорецепторлар тұқым қуалап жойылса немесе ТЖЛП-дан ТӨТЛП мен 
ТТЛП басым көп болса, рецепторлар тез қирап қалады да, онда жасушадағы 
холестериннің алмасуы реттелмейтін болады (реттелмеген пиноцитоз), жасушада 
холестерин тым көбейіп кетеді (XVII 
тәсім
). Сол себепті, ТӨТЛП мен ТТЛП 
атерогенді
липопротеидтер деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет