Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Үшжақтаулы (трикуспидалдық) қақпақша мен өкпе артериясы



Pdf көрінісі
бет310/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   832
Байланысты:
струков патан

Үшжақтаулы (трикуспидалдық) қақпақша мен өкпе артериясы 
қақпақшасының
жүре пайда болатын кемістігі сиректеу байқалады. Ол 
ревматизм, сифилис, сепсис, атеросклероз ауруларынан дамиды; қақпақшаның 
жақтаулары жеткіліксіз болады немесе тесігі тарылады. 
Жүректе кемістік дербес қана болмайды: қосжақтаулы мен қолқа қақпақшасы 
немесе қосжақтаулы мен үшжақтаулы қақпақша қатар зақымдалады, тіпті 
қосжақтаулы, қолқа мен үшжақтаулы қақпақшалар бірге бүлініп, 
қосарлы 
кемістік 
те қалыптасады. Қосарлы кемістіктердің көбі — құрамдас кемістіктер. 
Жүректің жүре пайда болған кемістіктерінің компенсациялы және 
декомпенсациялы түрлері бар. 
Жүректің компенсациялы кемістігі
көбіне ұзақ уақыт білінбейді, 
қанайналымы бұзыла қоймайды. Компенсациялық үдерісті жүректің кемістік 
әсерінен күш түсіп қалыңдаған жерлері қамтамасыз өтеді. Миокардта 
концентрлік гипертрофия қалыптасады. Дегенмен, гипертрофиялық мүмкіндік 
шектеулі, сондықтан оның барысында миокард дистрофияға ұшырап, жүректің 
жұмысы әлсірейді. Бара-бара жүректе миогенді дилатация дамып, қуыстары 
кеңиді де, концентрлік гипертрофия эксцентрлік гипертрофияға ұласады. 
Декомпенсациялы кемістігі
кезінде жүрек өз жұмысын дұрыс атқара 
алмайды, сондықтан жүрек-тамыр жүйесі қызметінің жеткіліксіздігі байқалады. 
Жүрек қызметінің компенсациялы болмауына қайталамалы ревматизмдік 


Нуржігіт Алтынбеков 
264
үдеріс, кездейсоқ инфекция, тым ауыр жұмыстан қажу, психикалық жарақат 
себеп болады. Декомпенсациялық жағдайда жүректің қарыншалары жұмсарып, 
қуыстары кеңіп, құлақшаларында тромбылар түзіледі. Барлық мүшелерге 
веналық қан іркіледі, олар көгеріп, суланып ісінеді, ішкі қуыстар шеменденеді. 
Жүректің әртүрлі кемістігімен сырқаттар көбіне жүрек-тамыр қызметінің 
жеткіліксіздігінен 
өледі
. Кейде өлімге кенет дамыған тромбылы эмболия, 
жүректің митрал тесігінің шар тәрізді тромбымен бітелуі, ұлғайған жүректің 
параличі немесе пневмония себеп болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет