Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет344/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   832
Байланысты:
струков патан

Морфологиялық бейнесі.
Жүректің бұлшықетті қабаты шамалап 
қалыңдайды, қуыстары кеңіп, қабырғасында тромбылар түзіледі. Миокард 
жұмсарып, бозбалшық түсті болады; кейде ұсақ тыртықтар байқалады. Тәждік 
артериялар көбіне зақымдалмайды. Оларды атеросклероз айқын шалмағанмен, 
интимасынан кейде липидті дақтар мен жолақтар ұшырасады. Микроскоппен 
гидропиялы және майлы дистрофияға ұшыраған кардиомиоциттермен қатар, 
ұлғайған 
және 
семген 
кардиомиоциттер 
көрінеді; 
кей 
жерлерде 
кардиомиоциттер жойылып, склероз дамиды. Зақымдалған және зақымдалмаған 
аймақтар аралас ұшырасады. Жүрек биоптатын электрондық микроскоппен 
зерттегенде кардиомоциттердің саркоплазмалық торы мен Т-жүйесі кеңіп, 
қуысқа айналғаны анықталады; бұл алкогольдік кардиомиопатияға тән 
құбылыс. 


Нуржігіт Алтынбеков 
290
Асқыну 
зардаптары.
Алкогольдік 
кардиомиопатия 
кенет 
өлімге 
(қарыншалар фибрилляциясынан) ұшыратады немесе жүрек қызметінің 
созылмалы жеткіліксіздігі дамиды, кейде тромбылы эмболия синдромы 
байқалады. 
Кардиомиопатиялар, 
әдетте 
жүрек-тамыр 
қызметінің 
созылмалы 
жеткіліксіздігімен 
немесе, 
жүректің 
қуыстарында 
тромбылар 
жиі 
түзілетіндіктен, тромбылы эмболия синдромымен 
асқынады

Васкулиттер 
Васкулиттер
— қан тамырларының қабырғасы қабынып, кейде некроз 
қосарланатын аурулар тобы. Васкулит жергілікті және жүйелік сипатта болады. 
Жергілікті васкулит
қабыну ошағында дамиды. Әдетте, қабыну үдерісі қан 
тамырының қабырғасына оның төңірегінен өрістейді (мысалы, флегмона 
аймағындағы іріңді-некрозды васкулит). Ал 
жүйелік васкулит
дербес аурудың 
басты бейнесі (біріншілік васкулит) немесе кейбір аурулардың көп 
нышандарының бірі ретінде (салдарлық васкулит) дамиды. Ол көптеген қан 
тамырларын қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет