Нуржігіт Алтынбеков
290
Асқыну
зардаптары.
Алкогольдік
кардиомиопатия
кенет
өлімге
(қарыншалар фибрилляциясынан) ұшыратады немесе жүрек қызметінің
созылмалы жеткіліксіздігі дамиды, кейде тромбылы эмболия синдромы
байқалады.
Кардиомиопатиялар,
әдетте
жүрек-тамыр
қызметінің
созылмалы
жеткіліксіздігімен
немесе,
жүректің
қуыстарында
тромбылар
жиі
түзілетіндіктен, тромбылы эмболия синдромымен
асқынады
.
Васкулиттер
Васкулиттер
— қан тамырларының қабырғасы қабынып, кейде некроз
қосарланатын аурулар тобы. Васкулит жергілікті және жүйелік сипатта болады.
Жергілікті васкулит
қабыну ошағында дамиды. Әдетте, қабыну үдерісі қан
тамырының қабырғасына оның төңірегінен өрістейді (мысалы, флегмона
аймағындағы іріңді-некрозды васкулит). Ал
жүйелік васкулит
дербес аурудың
басты бейнесі (біріншілік васкулит) немесе кейбір аурулардың көп
нышандарының бірі ретінде (салдарлық васкулит) дамиды. Ол көптеген қан
тамырларын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: