Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет354/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
297
Сөйтіп, ревматизм ауруы үздіксіз қайталамалы, әрі аутоагрессиялы сипат 
алады. 
Морфогенезі
. Ревматизмнің құрылымдық негізін дәнекер тін жүйесінің 
өршімелі ыдырауы, қан тамырлардың, әсіресе микроциркуляциялық арнаның 
зақымдалуы және иммун-патологиялық үдерістер қалайды. Бұл үдерістер, 
әсіресе 
жүректің дәнекер тінінде
(қақпақшалар мен қабырғалық эндокардтың, 
үлпершектің негізгі затында) айқын болады және онда дәнекер тіннің ыдырау 
барысын бейнелейтін фазалар — мукоидты ісіну, фибриноидтық өзгерістер, 
жасушалы қабыну мен склероз — біртіндеп өрістейді. 
Мукоидты
ісіну
кезеңінде дәнекер тін үстіртін және қайтымды ыдырайды. 
Гликозамингликандар (негізінен гликурон қышқылдары) көбейіп, метахромазия 
үдейді, негізгі зат гидратацияланады. 
Фибриноидтық
өзгерістер
(ісіну мен некроз) дегеніміз — дәнекер тіннің 
терең және қайтымсыз сипатта ыдырауы. Ол мукоидты ісінуге жалғаса дамиды. 
Сондықтан дәнекер тіннің коллагендік талшықтары біртекті (гомогенді) болып, 
оған плазманың басқа белоктарымен қатар фибрин де сіңеді. 
Жасушалы қабыну фазасының
барысында ревматизмге тән гранулемалар 
қалыптасады. Гранулема фибриноидтық өзгерістер кезеңінде-ақ қалыптаса 
бастайды. Дәнекер тіннің ыдыраған жерлеріне алдымен макрофагтар 
шоғырланады. Кейін макрофагтар ядросы ірі, гиперхромды, ірі жасушаларға 
айналады. Бұл жасушалар фибриноидты заттарды қоршап алады, олардың 
цитоплазмасында РНҚ мен гликоген түйіршіктері көбейе түседі де, ревматизмге 
тән гранулема түзіледі. Оның орталық аймағындағы фибриноидты заттарды 
макрофагтардан түзілген қадалы шарбақ немесе қол желпуіші тәрізді ерекше 
құрылымдар шектеп тұрады 
(167-
сурет
)
. Гранулемадағы макрофагтардың 
бөгде заттарды сіңіру қаблеті жоғары. Олар фибиноидты ерітіп, ыдыратады, әрі 
иммундық глобулиндерді сіңіріп, өзіне қоса алады. Осындай макрофагтардан 
түзілген ревматизм гранулемасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет