Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет355/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   832
Байланысты:
струков патан

«гүлденген»,
яғни 
«жетілген»
гранулема 
(167-
сурет

деп аталады. Біртіндеп құрамындағы жасушалар ұзарып, сопақ 
пішінденіп, фибробластылар араласып, фибриноидты заттар азайып, гүлденген 
гранулема 
«солғын гранулемаға»
айналады. Ақырында гранулеманы 
фибробластылар жайлап, алдымен аргирофилді, кейін коллагендік талшықтар 
көбейеді, фибриноидты заттар жойылып, 
тыртықтанған гранулема
қалыптасады. Гранулеманың жалпы даму мерзімі 3—4 ай.
167-сурет. Ревматизмдік «гүлденген» гранулема. 
Ревматизм гранулемасының барлық даму 
фазасында оның жиегі лимфалық және бірен-
саран плазмалы жасушалармен қоршалады. 
Лимфоциттер 
бөлетін 
лимфокиндер 
фибробластыларды 
жандандырып, 
гранулемада 
талшықтар 
түзілуіне 
(фиброплазияға) оңтайлы жағдай туғызатын 
сияқты. 
Ревматизмдік 
гранулеманың 
морфогенезін алдымен (1904) Ашофф, кейін
В.Т.Талалаев (1921) жан-жақты сипаттаған. 


Нуржігіт Алтынбеков 
298
Сондықтан да, ревматизмдік гранулема 
Ашофф—Талалаев гранулемасы
деп 
аталады. 
Ревматизмдік гранулемалар қақпақшалар мен қабырғалық эндокардтың
миокард пен эпикардтың және қан тамырларының аба қабатының дәнекер 
тінінде қалыптасады. Оның толық жетілмеген түрі бадамша без бен 
буындардың төңірегіндегі және бұлшықеттердің арасындағы дәнекер тінде де 
ұшырасады. 
Ревматизммен сырқат адамдарда гранулемалармен қатар диффузды немесе 
ошақты 
бейспецификалық жауап
та байқалады: мүшелердің аралық тіндеріне 
лимфоциттер мен гистиоциттер шоғырланады. Микроциркуляциялық арнада 
өрістейтін 
васкулиттер
де — тіндердің бейспецификалық жауабы. 
Дәнекер тін ыдырап, ақыры 
склероз
дамиды. Ол, әдетте белгілі бір 
жүйелерде, көбіне жүректің қабаттарында, қан тамырларының қабырғасында, 
сірі қабықшаларда өрістейді. Ревматизмдік склероз көбіне жасушалар 
көбейгендіктен немесе гранулеманың даму барысында (
салдарлық
склероз
), 
кейде дәнекер тіндегі фибриноидтық өзгерістердің де салдары (
гиалиноз
, кейде 
біріншілік
склероз
деп те аталады

ретінде дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет