Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет362/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   832
ревматоидтық түйіндер
(171-
сурет

деп аталады. Олар — көлемі орман жаңғағындай, қатты құрылымдар; 
әдетте ірі буындардың төңірегінде қалыптасады. Бұл түйіндердің мукоидты 
ісінуден бастап тыртықтанғанға дейінгі толық даму мерзімі 3—5 ай.
171-сурет. Ревматоидтық түйін:
а — буын тініндегі фибриноидты некроз ошағын шектеген жасушалық 
жауап; б — өкпеде қалыптасқан ревматоидтық түйіншектің орталығындағы некрозды және ыдыраған ошақ.
 
Синовийлік қабықшалар ауру
басталған кезден-ақ қабынады. 
Синовит
(172-
сурет

— ол аурудың ең басты морфологиялық бейнесі. Оның даму барысы үш 
кезеңге бөлінеді.
172-сурет. Ревматоидтық артрит. Синовит:
а — «күріш» денешік; б — синовит; в — плазмалы жасушалар 
инфильтраты; г —артериоланың қабырғасына шөккен IgG.
 
Синовиттің 
бірінші кезеңі
. Буындардың қуысына лайсаңдау сұйықтық 
жиналады. Синовийлік тінді қан кернеп, ісінеді, көмескі тартады. Буынның 
шеміршегі онша зақымдалмағанмен, кейде кейбір жерлерінің жасушалары 
жойылып, жарықшақ сызаттар пайда болады. Синовийлік қабықшалардың 
бүрлері су сіңіп ісінеді, стромасында мукоидты, фибриноидты ісінген, кейбір 
бүрлерде фибриноидты некрозға ұшыраған жерлер кездеседі. Мұндай бүрлер 
үзіліп буынның қуысына түсіп, 
«күріштік денешіктер»
деп аталатын, қатпарлы 
әрі қатты заттар құрайды. Микроциркуляциялық арнаға қан толып, төңірегін 
макрофагтар, лейкоциттер, плазмалы жасушалар қоршайды; кей жерлерге қан 
құйылады. 
Фибриноидтық 
өзгерістер 
өрістеген 
артериолалардың 
қабырғаларында иммундық глобулиндер болады. Бүрлердің біразының 
синовиоциттері көбейеді. Плазмалы жасушалардан ревматоидтық фактор 
табылады. Синовийлік сұйықтықта нейтрофилдер көбейіп, олардың 
кейбіреуінің цитоплазмасынан да ревматоидтық фактор анықталады. Ондай 
нейтрофилдер 
рагоциттер
(грекше: 
rаgos
— жүзім сағы) деп аталады. 
Рагоциттер түзілген кезде қабыну медиаторларын бөлетін лизосомалардағы 
ферменттер жанданып, қабыну үдерісін өршіте түседі. Синовиттің бірінші 
кезеңі кейде бірнеше жылға созылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет