Нуржігіт Алтынбеков
311
Жедел бронхит
Жедел бронхит
— бронхылардың жедел ағымды қабынуы; ол дербес ауру да
бола алады немесе бірқатар басқа аурулардың (мысалы, пневмонияның,
созылмалы гломеруланефриттен туындаған бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің)
салдары ретінде де дамиды.
Этиологиясы мен патогенезі
. Этиологиялық
факторлардың ішінде
респирациялық ауруларды өрістететін вирустар мен бактериялардың мәні зор.
Физикалық (құрғақ және суық ауа) және химиялық (хлор, азотты тотықтар,
күкіртті газ, т.б.) факторлардың, әртүрлі шаңдардың тынысалу жүйесіне кеселді
әсері мол. Бұл факторлардың әсеріне тынысалу жүйесіндегі қорғаныстық
бөгендердің
тұқымқуалайтын
дәрменсіздігі,
әсіресе
мукоцеллюлалық
тасымалдау мен гуморальдық жергілікті қорғаныс факторлары қолайлы жағдай
туғызады да, жедел бронхиттің барысында мукоцеллюлалық тасымалдау
механизмдері одан әрі зақымдала түседі. Өйткені патогенді әсерден
бронхылардың бездері мен бокалша жасушалары шырыш (жалқаяқ) бөлуін
үдетіп, кірпікшелі призмалық эпителий түлейеді, сөйтіп бронхылардың
кілегейлі қабықшалары жалаңаштанып, инфекцияның бронхылар іргесіне өтіп,
одан да әрі жайыла беруіне жағдай туады.
Достарыңызбен бөлісу: