Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет383/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық 
анатомиясы

Түрлі 
себептерден 
дамыған 
бронхпневмонияның морфологиялық 
бейнесінде 
өзара айырмашылық 
болғанмен, ортақ нышандары да жоқ емес. Бронхпневмония қандай себептен 
дамыса да, оның құрамынан үнемі 
жедел бронхит
немесе 
бронхиолит
көрініс 
береді. Бронхит пен бронхиолит, әдетте катарлы қабынуға (ұйымалы, 
шырышты, іріңді, аралас) негізделеді: кілегейлі қабықша қан кернеп, ісінеді, 
бездермен бокалша тәрізді жасушалар шырышты көп түзіп, призма пішінді 
жасушалар сыдырылады. Сол себепті бронхылардың тарамдарын тазартатын 
мукоцеллюлалық механизм зақымдалады. Су сіңіп ісініп, жасушалар 
шоғырланған бронхылар мен бронхиолалардың қабырғалары қалыңдайды. 
Көбіне бронхылардың соңғы тарамдарында 
панбронхит

панбронхиолит
, ал 
бастапқы тарамдарында 
эндомезобронхит
өрістейді. Қабырғалары су сіңіп 
ісініп әрі жасушалар шоғырланған 
бронхылардың
 
кәріздік
 
әрекеті
бұзылады, 
инфекция араласқан шырыштың бронхылар тарамдарының соңғы бөлімдеріне 
өтуіне қолайлы жағдай туады. Жиі жөтелудің әсерінен бронхылардың саңылауы 
уақытша кеңіп, кейде 
транзиторлы (өтпелі) бронхэктаздар
қалыптасады. 
Бронхпневмониялық қабыну ошақтары, әдетте өкпенің II, VI, VIII, IX, X 
cегменттерінде болады. Олар түрлі көлемді қатты, бозғылт қызылдау болады. 
Ошақтың көлеміне қарай, бронхпневмония милиарлық (альвеолит), ацинустық, 
бөлікшелік, біріккен бөлікшелік, сегменттік және полисегменттік түрлерге 
бөлінеді. Альвеолаларға жиналған экссудатқа шырыш пен нейтрофилдер, 
макрофагтар мен эритроциттер, сыдырылған альвеолалық эпителий араласады; 
кейде фибрин де болады. Экссудат өкпеге біркелкі жайылмай, бір 
альвеолаларға көп, енді біреулеріне аз жиналады. Альвеолааралық пердеге 
жасушалар шоғырланады (184-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет