Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет375/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   832
тұқымқуаласа
(бір немесе бірнеше факторлардың тапшылығынан), енді бірде 
жүре
(әртүрлі сыртқы әсерден) 
пайда
 
болады

Тынысалу мүшелері ауруларының клиникалық морфологиясын айқындау 
үшін қазір алуан түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың ішінде ең маңыздылары 
— қақырықты цитологиялық және бактериоскопиялық тәсілдермен зерттеу, 
бронхылар мен альвеолалардан шайынды алу (бронх-алвеолалық лаваж), 
бронхылар мен өкпеден биоптат жасау. 
Тынысалу мүшелерінің ең маңызды ауруларының қатарына жедел бронхит, 
өкпенің жедел қабынуы (пневмониялар) мен деструкциялы (абсцесс, гангрена) 
аурулары, өкпенің созылмалы бейспецификалық аурулары, пневмокониоздар, 
бронхылар мен өкпенің карциномасы жатса, плевралық аурулардың ішінде ең 
жиісі

плеврит. 


Нуржігіт Алтынбеков 
311
Жедел бронхит 
Жедел бронхит
— бронхылардың жедел ағымды қабынуы; ол дербес ауру да 
бола алады немесе бірқатар басқа аурулардың (мысалы, пневмонияның, 
созылмалы гломеруланефриттен туындаған бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің) 
салдары ретінде де дамиды. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Этиологиялық 
факторлардың ішінде 
респирациялық ауруларды өрістететін вирустар мен бактериялардың мәні зор. 
Физикалық (құрғақ және суық ауа) және химиялық (хлор, азотты тотықтар, 
күкіртті газ, т.б.) факторлардың, әртүрлі шаңдардың тынысалу жүйесіне кеселді 
әсері мол. Бұл факторлардың әсеріне тынысалу жүйесіндегі қорғаныстық 
бөгендердің 
тұқымқуалайтын 
дәрменсіздігі, 
әсіресе 
мукоцеллюлалық 
тасымалдау мен гуморальдық жергілікті қорғаныс факторлары қолайлы жағдай 
туғызады да, жедел бронхиттің барысында мукоцеллюлалық тасымалдау 
механизмдері одан әрі зақымдала түседі. Өйткені патогенді әсерден 
бронхылардың бездері мен бокалша жасушалары шырыш (жалқаяқ) бөлуін 
үдетіп, кірпікшелі призмалық эпителий түлейеді, сөйтіп бронхылардың 
кілегейлі қабықшалары жалаңаштанып, инфекцияның бронхылар іргесіне өтіп, 
одан да әрі жайыла беруіне жағдай туады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет