Нуржігіт Алтынбеков
356
дамығаны, ал кілегейлі қабықшаны түгел қамтыса,
диффузды созылмалы
энтерит
орын алғаны.
205-сурет. Созылмалы энтерит
(энтеробиопсия) (Л.И. Аруиннан)
:
а —атрофиясыз созылмалы энтерит;
бүрлердің жуандығы әртүрлі, олардың ұшы гүрзі тәрізді, энтероциттердің дистрофиясы, стромадағы
полиморф-жасушалы инфильтраттар; б —атрофиялы созылмалы энтерит; бүрлер қысқарып,сиқы бұзылып,
біріккен; стромадағы айқын бейнелі лимфа-гистиоцитті инфильтраттар.
Атрофиялы созылмалы энтерит
кезінде ішектің бүрлері қысқарып,
сиықсызданады және көбі бір-бірімен бірігіп кетеді. Қысқарған бүрлердің
аргирофилдік талшықтары қабысады (коллапс; 205-суретті қара). Энтероциттер
көпіршіктеніп, олардың түкті жиегіндегі сілтілік фосфатазалардың әсері кемиді.
Бокалша жасушалар да көбейеді.
Крипталарда аздаған лимфа-гистиоцитті шоғырлар пайда болып, коллагендік
және бұлшықеттік талшықтар көбейеді, кейде олар семіп, енді бірде қуысқа
айналады. Атрофиялы созылмалы гастриттің екі даму варианты бар: кілегейлі
қабықшаның
бүрлері
ғана
семіп,
крипталары
өзгермейтін
—
гиперрегенерациялық вариант
және бүрлер мен крипталар да семіп, азаятын —
гипорегенерациялық вариант
.
Созылмалы энтерит ұзақ мерзімді әрі ауыр әсерлі болса, анемия, кахексия,
гипопротеинемиялық су сіңіп ісіну, остеопороз, эндогендік авитаминоз
байқалады, ішкі секрециялық бездер зақымдалып, ішкен ас дұрыс сіңбейді
(
сіңірмеу синдромы
).
Достарыңызбен бөлісу: