Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет434/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы
. Созылмалы энтериттің морфологиялық бейнесі 
энтеробиоптатты зерттеу арқылы соңғы жылдары жақсы дәйектелген. 
Созылмалы 
гастрит 
сияқты, 
созылмалы 
энтерит 
те 
эпителийдің 
регенерациясының бұзылуынан басталады да, оның ақырында кілегейлі 
қабықша семіп, 
қалыпты құрылымынан таяды. 
Созылмалы энтерит атрофиясыз энтеритке және атрофиялы энтеритке 
жіктеледі. 
Атрофиясыз созылмалы энтериттің
даму барысында ішектің бүрлері 
біркелкі жуандап, ұшы күрзі тәрізденеді, эпителийдің базал мембранасы 
зақымдалады. Бүрлердегі энтероциттердің цитоплазмасы көпіршіктенеді 
(вакуольді дистрофия; 205-сурет). Цитоплазмадағы тотығу-тотықсыздандыру 
ферменттері мен гидролиздік ферменттердің әсері кеміп, эпителийдің 
абсорбциялық (сору) қабілеті өзгереді. Ішектің бетінде эрозиялар қалыптасады, 
іргелес бүрлердің ұшы бірігіп, аралық жалғамдар («аркадалар») түзеді. Аралық 
тінді плазмациттер, лимфоциттер, эозинофилдер жайлайды. Жасушалы 
крипталар кейде қуысты құрылымдарға айналады. Крипталардың арасындағы 
жасушалар шоғыры кілегейлі қабықшаның бұлшықетті қабатына дейін 
жайылады. Егер үдеріс бүрлермен шектелсе, 
беткейлік созылмалы энтерит


Нуржігіт Алтынбеков 
356
дамығаны, ал кілегейлі қабықшаны түгел қамтыса, 
диффузды созылмалы 
энтерит 
орын алғаны. 
205-сурет. Созылмалы энтерит 
(энтеробиопсия) (Л.И. Аруиннан)
:
а —атрофиясыз созылмалы энтерит; 
бүрлердің жуандығы әртүрлі, олардың ұшы гүрзі тәрізді, энтероциттердің дистрофиясы, стромадағы 
полиморф-жасушалы инфильтраттар; б —атрофиялы созылмалы энтерит; бүрлер қысқарып,сиқы бұзылып, 
біріккен; стромадағы айқын бейнелі лимфа-гистиоцитті инфильтраттар.
 
Атрофиялы созылмалы энтерит
кезінде ішектің бүрлері қысқарып, 
сиықсызданады және көбі бір-бірімен бірігіп кетеді. Қысқарған бүрлердің 
аргирофилдік талшықтары қабысады (коллапс; 205-суретті қара). Энтероциттер 
көпіршіктеніп, олардың түкті жиегіндегі сілтілік фосфатазалардың әсері кемиді. 
Бокалша жасушалар да көбейеді. 
Крипталарда аздаған лимфа-гистиоцитті шоғырлар пайда болып, коллагендік 
және бұлшықеттік талшықтар көбейеді, кейде олар семіп, енді бірде қуысқа 
айналады. Атрофиялы созылмалы гастриттің екі даму варианты бар: кілегейлі 
қабықшаның 
бүрлері 
ғана 
семіп, 
крипталары 
өзгермейтін 
— 
гиперрегенерациялық вариант
және бүрлер мен крипталар да семіп, азаятын — 
гипорегенерациялық вариант

Созылмалы энтерит ұзақ мерзімді әрі ауыр әсерлі болса, анемия, кахексия, 
гипопротеинемиялық су сіңіп ісіну, остеопороз, эндогендік авитаминоз 
байқалады, ішкі секрециялық бездер зақымдалып, ішкен ас дұрыс сіңбейді 
(
сіңірмеу синдромы
). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет