Нуржігіт Алтынбеков
362
АППЕНДИЦИТ
Аппендицит
— бүйеннің құрт тәрізді өскінінің қабынуы. Оның өзіндік
клиникалық бейнесі бар. Сондықтан, клиника-анатомиялық тұрғыдан, бүйеннің
құрт тәрізді өскінінің
кез келген себептен (мысалы, туберкулез, дизентерия)
қабынуын аппендицит деуге болмайды. Аппендицит жиі кездеседі, көбі
хирургиялық тәсілмен ғана емделеді.
Этиологиясы мен патогенезі.
Аппендицит — энтерогендік аутоинфекция.
Оны ішектегі бактериялар, көбіне ішек таяқшасы мен энтерококк дамытады.
Микробтардың өскіннің қабырғасына өту механизмін және вируленттілігін
жандандыратын жағдайларды зерттеген кезде әртүрлі факторлардың әсер
ететіні байқалған. Аппендициттің патогенезі жайлы теориялар осы деректерге
негізделеді.
Бұл теорияларға сүйенсек,
өскіннің саңылауына бөгде заттар іркілген
кезде
ондағы
қалыпты флора ішектің өз қабырғасына жайыла бастайды (Ашофф Л., 1907). Бұндай
жағдай ішектің перистальтикасы бұзылып, атония дамығанда, өскін бүгіліп қалғанда
немесе оған нәжістік тастар, жануарлық паразиттер, басқа да бөгде заттар жиналғанда
байқалады. Бұл заттар кілегейлі қабықшаның бетіндегі эпителийді зақымдайды,
сондықтан инфект ішектің қабырғасына өтіп, алдымен ошақты (алғашқы аффект), кейін
диффузды іріңді қабынуды туындатады (флегмоналы аппендицит). Өскіннің
қабырғасында лимфалық тамырлар өте көп, іріңдік инфекцияның жайылуына бұл да
қолайлы жағдай. Инфекция өскінге энтерогендік жолмен ғана емес, гематогендік
жолмен де жетеді.
Жүйкелік-тамырлық теория
бойынша (Риккер Г.,1926; Русаков А.В.,
1951), жүйке жүйесінің кеселді әсерінен өскінде қанайналымы өзгеріп, ішіндегі
инфекция жанданады. Бұның салдарынан өскіннің қан тамырлары мен бұлшықетті
қабаты жиырылып, саңылауы тарылады (спазм), қан мен лимфаның ағысы тежеліп,
қанды ошақтар пайда болады, метаболизм бұзылып, дистрофия мен некробиоз дамып,
ақырында инфекция іргесіне жайылып, іріңді қабыну өріс алады.
Кең қолдау тапқан теория —
ангионевроздық теория
. Ол аурудың барысын
өскіннің кинетикасының бұзылуымен сабақтастырады. Физиологиялық ұғымға
негізделгендіктен, оған сүйене отырып, аппендицитке тән алғашқы
нышандарды да (жай, беткейлік аппендицит), алып тастаған өскіннен
морфологиялық өзгерістер табылмайтын кейбір клиникалық жағдайларды да
ойға қонымды етіп пайымдауға болады. Бірақ тек қана осы жүйкелік-тамырлық
теория тұрғысынан аппендициттің деструкциялы нысандарының даму барысын
толық пайымдау қиын. Бұл жағдай өз шешімін Ашофф ұсынған, «өршімелі
алғашқы аффект» деп аталатын концепция арқылы тауып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: