Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Бейспецификалық ойық жаралы колит



Pdf көрінісі
бет440/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   832
Байланысты:
струков патан

207-сурет. Бейспецификалық ойық жаралы колит 
(Ж.М. Юхвидованың препараты)



Нуржігіт Алтынбеков 
360
Жедел нысанының
бейнесі өршімелі колитке немесе созылмалы колиттің 
асқынған кезіне ұқсайды. Тоқ ішектің қабырғасын қан кернеп, су сіңіп ісінеді, 
эрозиялар мен түрлі пішінді жаралар қалыптасып, ірі жараларға айналады. 
Зақымдалмаған жерлердің кілегейлі қабықшасы бүртіктеніп тұрады. Бұл 
құрылымдар шашақты жалған бүртіктер (
шашақты псевдополиптер
) деп 
аталады. Ойық жаралар кілегейлі қабықшаның астына немесе бұлшықетті 
қабатқа дейін жайылады. Бұл қабаттарда коллаген талшықтары фибриноидты 
некрозға ұшырап, миомаляция мен кариорексис және көлемді қанды ошақтар 
пайда болады. Ойық жараның түбінен некрозды аймақтар, жиегінен 
фибриноидты некроз бен аррозия шалған қан тамырлары ұшырасады. Ішектің 
ойық жаралы жерлері тесіліп, қан кетеді. Терең жайылған жаралар қалталанып, 
ішіне өлексе жиналады. Өлексе бөліне келе, ішектің қабырғасы жұқарып, 
саңылауы тым кеңиді (
уытты әсерлік дилатация
). Кейбір ойық жараларда 
грануляциялық тін өседі, кейде ол тым көбейіп, бүртіктер (
гранулемалы жалған 
полиптер)
қалыптастырады. Ішектің қабырғасын, әсіресе кілегейлі қабықшаны 
лимфоциттер, плазмациттер мен эозинофилдер жайлайды. Ауру асқынса, 
лейкоциттер негізінен крипталарға жиналып, іріңдіктер (
крипт-абсцестер

түзеді (208-сурет). 
208-сурет. Бейспецификалық ойық жаралы колит 
(Ж.М. Юхвидованың препараты)
:
а — лейкоциттер 
шоғырланған крипта (крипт-абсцесс); б — псевдополип (жалған полип).
 
Бейспецификалық ойық жаралы колиттің 
созылмалы нысанында
ішек
қалыпты сиқынан тайып, едәуір қысқарады; қабырғасы тым қалыңдап, қатаяды, 
өне бойының (диффузды) немесе кейбір бөлімінің (сегментінің) саңылауы 
тарылады. Некроз бен қабыну үдерістерінен гөрі регенерация мен склероз 
басымырақ өрістейді. Сондықтан ойық жараларды грануляциялық тін жайлап, 
тыртықтанады. Тыртықты аймақтар тым көлемді, ал қабыну созылмалы 
болғандықтан, көбіне жараның үсті эпителийленбейді, регенерация шала 
болады. Регенерация қалпынан тайып, 
жалған полиптер
қалыптасады (208-
суретті 
қара
): грануляциялық тін тым көп жерлерде 
гранулемалы жалған 
бүртіктер
түзілсе, склерозды аймақтардың төңірегінде эпителий тым көбейіп, 
аденомалы жалған бүртіктер
пайда 
болады. 
Қан 
тамырларында 
пролиферациялы эндоваскулит пен склероз өрістеп, саңылаулары тарылады; 
фибриноидты некроз сирек байқалады. Ішекте пролиферациялы қабыну басым 
болып, іргесіне лимфоциттер, гистиоциттер және плазмациттер шоғырланады. 
Әдетте, пролиферациялы қабынуға мен крипт-абсцестер қосарланады. 
Бейспецификалық ойық жаралы колиттің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет