Нуржігіт Алтынбеков
361
Бұрынғы көзқарас бойыша, бейспецификалық гранулемалар Крон ауруымен
сырқаттардың ішегінің соңғы бөлімінде ғана қалыптасады деп есептелетін,
сондықтан да ол терминал (региондық) илеит деп аталатын-ды. Кейін бұл ауру
асқазан мен ішектің кез келген бөлімін зақымдайтыны анықталды. Қазір Крон
ауруының асқазанды, тоқ ішекті, аппендиксті, ішектің басқа да бөлімдерін
басымырақ қамтитын нысандары белгілі.
Этиологиясы мен патогенезі
. Крон ауруының даму себебі белгісіз. Ол
вирустар мен генетикалық факторлардың әсерінен дамитын сияқты.
Тұқымқуалайтын бейімділік пен аутоиммундық өзгерістер жағдайында ішекте
құрылысы біртекті гранулемалар пайда болады. Патогенезі жайлы
теориялардан кең қолдау тауып жүргені —
лимфалық теория
. Бұл теория
бойынша, алдымен шажырқайдағы лимфалық түйіндер мен ішектің
қабырғасындағы фолликулдар өзгеріп, кейін кілегейлі қабықшаның астына
лимфа іркіледі, ақырында ішектің қабырғасы зақымдалып, гранулемалар
түзіледі.
Патологиялық анатомиясы
. Көбіне мықын ішегінің соңғы (терминал)
бөлімі, көтен ішек (әсіресе айналшық) пен аппендикс, кейде асқазан-ішек
жолының басқа бөлімдері зақымдалады.
Ішектің барлық қабаты түгел
қамтылады, сондықтан ішек тым қалыңдап, су сіңіп ісінеді. Кілегейлі қабықша
бұдырланып, «тас төселген көше» тәрізді келеді (209-сурет). Өйткені кілегейлі
қабықшада қалыпты аймақтармен қатар, ішектің ұзына бойын куалай,
қатарласып жайғасқан, ұзыншалау,
тар саңылаулы
терең ойық жаралар болады.
Кейде бұл жаралар көлденең де жайғасады. Ал сірі қабықшада бірікпелер мен
туберкулездік түйіншектер тәрізді ақшыл түсті құрылымдар пайда болады.
Ішектің саңылауы тарылып, қабырғасында жыланкөздер қалыптасады.
Шажырқай шорланып, қалыңдайды. Бұл аймақтың лимфалық түйіндері
ұлғайып, олардың тіні кескенде ақшыл қызғылт реңді келеді.
Достарыңызбен бөлісу: