Нуржігіт Алтынбеков 373
липопротеиннің
аутоантигендік қасиеті бар. Иммундық цитолизден дамитын
бауырдағы некроз аймағының көлемі әртүрлі болады. Сондықтан вирустың
әсерінен гепатоциттерде өрістейтін некроз да бірнеше типке бөлінеді: 1) тарғыл
некроз; ол цитолиздік (колликвациялық) немесе «ацидофилді» (коагуляциялық)
сипатта дамиды; 2) лимфоциттердің периполезі мен эмпериополезіне
негізделген — баспалдақты некроз; 3) тұтасқан некроз; ол көпір тәрізді (центр-
центрлік, центр-порталық, порто-порталық) орташа көлемді (мультилобулалық)
және ірі көлемді болады.
Классификациясы . Вирустық гепатиттің мынадай клиника-морфологиялық
нысандары бар: 1) циклді жедел (сарғаюлы); 2) сарғаюсыз; 3
некрозды (қатерлі,
өте жедел ағымды — фульминанттық, күрт дамитын); 4) холестаздық және 5)
созылмалы. Алғашқы төртеуі гепатиттің
жедел ағымды нысандары.
Патологиялық анатомиясы. Вирустық гепатиттің
жедел ағымды циклді (сарғаюлы) нысанының морфологиялық бейнесі оның даму кезеңдеріне (айқын
және айығу кезеңдеріне) байланысты.
Аурудың айқын кезеңінде (сарғаюлы кезеңнің 1—2 аптасында) бауыр
ұлғайып, қатайып, қызарады (лапароскопиялық деректер), қабығы керіледі
(ұлғайған қызыл бауыр ).
Бауыр биоптатын
микроскоппен зерттегенде бөлікшелердегі гепатоциттер
тізбегі мен гепатоциттердің кескіні өзгеріп (қос- және көпядролы жасушалар
ұшырасып), митозды жасушалар пайда болғаны көрінеді. Гепатоциттерде
гидропиялы және
баллонды дистрофия басым болып, бөлікшелердің әр жерінде
ошақты (тарғыл) некроз және
тұтасқан некроз шарпыған
гепатоциттер (214-
сурет) байқалады және ядросы бүріскен немесе мүлде жойылған, цитоплазмасы
эозинофилді әрі гомогенді құрылымдар — Каунсильмен денешіктері түзіледі
(бұл денешіктер — коагуляциялық некрозға ұшырап, органеллалары күрт
кішірейген, яғни «мумификациялы» гепатоциттер).