созылмалы ағымды .
Вирустық гепатиттердің ішінде В вирустық гепатиттің эпидемиялық және
клиникалық маңызы зор.
В вирустық гепатит Этиологиясы . В-вирустық гепатитті ДНҚ-лы (Дейн бөлікшелі) вирус
қоздырады. Оның құрамында үш түрлі антигендік детерминант болады:
1)
беткейлік антиген (НВsАg); 2) патогендік әсерді қамтамасыз ететін — негізгі
антиген (HBcAg
; 3) ДНҚ-полимеразаның таңбасы (маркері) — HBеАg-антиген.
В вирустағы антигендерді альдегидфуксинмен, орсеинмен бояп, гистологиялық
тәсілмен және құрамында НВsАg мен НBсАg антигендеріне қарсы антиденелер
бар қан сарысуын қолданып, иммунхимиялық тәсілмен де анықтауға болады.
Патогенезі . В вирустық гепатиттің патогенезі жайлы теориялардың ішінде
бүгінгі таңда көпке танымалы — вирус-иммунгенетикалық теория. Бұл теория
аурудың көптүрлілігін
вирустың әсеріне организмнің
ерекше иммундық жауабы арқылы түсіндіреді. Вирус алдымен регионарлық лимфалық
түйіндерде көбейіп (регионарлық лимфаденит), эритроциттер арқылы
организмге жайылады, сөйтіп вирусемия қалыптасады. Сол кезде эритроциттер
зақымдалып, антиэритроциттік антиденелер түзіледі. Вирусемия лимфоциттер
мен макрофагтар жүйесін жандандырып, лимфаденопатия, талақта гиперплазия
және аллергиялық өзгерістер өрістетеді. Вирус гепатотропты, сондықтан
бауырда қоныстайды. Бірақ В вирустың тікелей цитопатиялы әсері жоқ. Ол
гепатоцитті
аутоиммундану барысында қалыптасқан
иммундық цитолиз механизмі (иммундық жүйедегі жасушалардың вирустық антигенге жауабы)
арқылы зақымдайды. Иммундық цитолизді құрамында негізінен HbsAg бар
иммундық кешендер жандандырады. Гепатоциттердің иммундық цитолизін
жасушалар (НВsАg-антигенге циттоуытты әсері бар Т-жасушалар) да,
антиденеге тәуелді жүйе де (К-жасушалар) жүзеге асыра алады. Ал
аутоиммундану үдерісі ішіндегі вирус көбейген кезде гепатоциттер
бауырда түзетін спецификалы липопротеинмен тығыз байланысты. Өйткені, ол