Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет452/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   832
Байланысты:
струков патан

ГЕПАТИТ 
Гепатит
— бауырдың қабынуы; оның даму барысында бауырдың 
паренхимасында дистрофия мен некробиоз өрістеп, стромасына қабыну 
үдерісіне тән жасушалар шоғырланады. Гепатит бірден бауырда басталып, 
біріншілік немесе басқа аурудың көрінісі ретінде байқалып, салдарлық нысанда 
дамиды. Гепатит жедел немесе созылмалы ағымды болады. 
Патологиялық 
анатомиясы

Жедел 
және 
созылмалы 
гепатиттің 
патологиялық анатомиясында айырмашылық бар. 
Жедел гепатит
экссудатты немесе пролиферациялы болады. 
Экссудатты 
гепатит
тиреотоксикоз сияқты аурудан дамыса, бауырдың стромасына 
ұйымалы экссудат сіңіп, 
гепатит ұйымалы
болады да, іріңді холангиттен 
немесе холангиолиттен өрістесе, іріңді экссудат порталық жолдың бойымен 
біркелкі жайылып, диффузды 
іріңді гепатит
байқалады, ал егер іріңді 
аппендициттің, 
амебиаздың, 
пилефлебиттік 
абсцестердің 
яки 
септикопиемиялық метастаздардың зардабы ретінде өрбісе, бауырда іріңдіктер 
қалыптасады. 
Жедел гепатит пролиферациялы
болса, бауыр бөлікшелерінің әр жеріндегі 
гепатоциттерді дистрофия мен некроз шарпып, ретикула-эндотелийлік 
элементтер көбейеді. Жұлдызша тәрізді ретикула-эндотелийлік жасушалар 
(Купфер жасушалары) мен эндотелий көбейіп, оларға қанның жасушалары 
араласады. Бұл жасушалар шоғырлана немесе біркелкі жайыла жайғасады. 
Бауырдың сыртқы пішіні қабыну үдерісінің сипатына сәйкес болады.
Созылмалы гепатит
кезінде бауырдың стромасына жасушалар шоғырланып, 
паренхимасы зақымдалады, тінінде склероз бен регенерация өрістейді. Бұл 
үдерістердің арақатынасы әртүрлі, сондықтан созылмалы гепатит те белсенді 
(агрессиялы), персистенциялы (үздіксіз) және холестаздық деп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет