Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет47/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   832
Байланысты:
струков патан

ЖАСУША ЖАПСАРЫНЫҢ ПАТОЛОГИЯСЫ 
Адам тініндегі жасушааралық жапсарлар 3 негізгі әрекет түрін атқарады
олар: жасушалардың өзара тұтасуын (адгезия), жасушааралық «қарым-қатынас» 
және эпителийлік жасушалар қабатын тұмшалау (герметизация). 
Жасушалардың өзара тұтасуын (адгезияны
) бұрын тек механикалық 
тұрғыдан қарап, десмосомаларға қатысты ғана деп пайымдалатын-ды. 
Жасушалардың өзара тұтасуы жасушалардағы барлық жапсарласу типтері 
арқылы жүзеге асатыны қазір белгілі. 
Жасушааралық 
«тығыз 
қарым-қатынасты» 
қамтамасыз 
ететін 
медиаторлар

саңылаулы жапсарлар. Олар жасушалардың бір-бірімен тікелей 
қарым-қатынасын, яғни иондар мен ұсақ молекулалардың жасушаның ішіне 
шығынсыз жетуін қамтамасыз етеді. Бұл жасушада заттардың алмасуын 
реттеуге және толысуына (дифференцировканы – 
толысу
деп атауға болады.-
Ауд.) қолайлы. 
Эпителийлік жасушалар қабатының тұмшалануын (герметизация)
тығыз 
жапсарлар қамтамасыз етеді. Олардың тығыздық дәрежесі жапсарлар мен 
мембраналардың ішіндегі жолақтар санына сәйкес болады. Эпителийлік 
қабаттағы осмостық және электрхимиялық градиентке, сонымен қоса, осы 
қабатты қоршаған жасушаның сыртындағы құрылымдардың ахуалы үшін де 
осы тығыз жапсарлар жауапты. 
Жасушалардың өзара тұтасуына (адгезия) қатысты өзгерістер.
Жасушалардың өзара тұтасу дәрежесі ісік жасушаларында онкогенездің 
алғашқы кезеңінде-ақ нашарлайтыны анықталған жайт. Сондықтан ісік 


Нуржігіт Алтынбеков 
49
жасушаларындағы жасушааралық жапсарлардың саны мен жайғасу ретін ісіктің 
өсу сипатын бағамдайтын критерийлердің бірі деп қарауға әбден болады. 
Жасушааралық «тығыз қатынасқа» байланысты өзгерістер
. Ақпараттық 
молекулалар алмасу үшін жасушалар арасындағы «тығыз қатынастың» ерекше 
мәні жайлы жоғарыда айтылған-тын. Бұл әрекет гидрофильді өзекшелері 
иондар мен молекулалық массасы 1000-ға дейінгі молекулаларды өткізе алатын 
саңылаулы жапсарлар арқылы жүзеге асады. «Тығыз қатынастың» ақауы 
ісіктердің қалыптасып, даму барысына ерекше әсер ететіні жайлы да пікір 
айтылып жүр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет