Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Ишемия. Бұлшықет талшығының плазмалық мембранасының астындағы миелинотәрізді



Pdf көрінісі
бет46/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   832
24-сурет. Ишемия. Бұлшықет талшығының плазмалық мембранасының астындағы миелинотәрізді 
құрылымдар
. 22 500.
 
Плазмалеммасы зақымдалған жасушалардағы өзгерістер
. Плазмалемма 
зақымдалғанда белсенді мембраналық тасымал жойылады да, жасушаның іші 
мен сыртындағы натрий мен калийдің мөлшері теңеліп, жасушаның ішіне 
алдымен төмен молекулалы аниондар, кейін катиондар өтіп, ондағы осмостық 
қысым жоғарылайды. Сөйтіп, су мен электролиттерді мембрана арқылы 


Нуржігіт Алтынбеков 
48
тасымалдау күрт бұзылып, 
жасушаны су жайлап
, ақыры ол 
ісінеді
. Белсенді 
мембраналық тасымал дұрыс болмағанда, жасушаға тек белгілі бір заттар 
(белок, май, көмірсу немесе пигмент) өтіп, олардың алмасуына қатысты 
ферменттер қоры таусылғандықтан, жасушада сол заттар ғана қордалануы 
мүмкін. Даму тегі 
инфильтрацияға 
негізделген жасушалық дистрофиялар 
(гиперлипидемия кезіндегі гепатоциттердің майлы дистрофиясы; нефроздық 
синдромдағы нефроциттердің гиалин-тамшылы дистрофиясы) міне осылай 
дамиды. Плазмалемма ауыр зақымдалып, жасушаға уытты немесе белсенді 
биологиялық заттар өткенде, оның құрылыстық кешендері бүлініп, 
құрамындағы химиялық (белок, май, т.б.) заттары босап, олар да ішіне 
қордалануы мүмкін. Даму тегі 
декомпозицияға 
негізделген жасушалық 
дистрофиялар (дифтериямен сырқаттарда дамитын жүректің майлы 
дистрофиясы

вирустық 
гепатитке 
тән гепатоциттердің 
гидропиялы 
дистрофиясы) 
да 
бар. 
Дистрофияның 
инфильтрациялық 
механизмі 
декомпозициялық механизммен алмасуы, кейде керісінше болуы мүмкін. 
Бірқатар жағдайда зақымдалған плазмалемма жасушаға синтезді бұрмалайтын 
заттардың немесе басқа да өнімдердің өтуіне қолайлы. Ондайда 
синтез
бұрмаланғандықтан
дамитын жасушалық дистрофиялар орын алады (мысалы, 
этанолдың 
әсерінен 
гепатоциттерде 
алкогольдік 
гиалиннің 
түзілуі). 
Плазмалемманың ауыр зақымдалуының ақыры 

жасушаның некрозға
ұшырауы, яғни жойылуы («
Дистрофия
» мен «
Некрозды
» қара). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет