Нуржігіт Алтынбеков
46
болса,
жасушалық ферменттер әсерінің
әмбебап
жандандырушысы.
Мембрананың қай құрам бөлігі (мембрананың сыртқы немесе ішкі бетіндегі,
немесе мембрананың ішіндегі) өзгерсе де, жасушалардағы молекулалар да
өзгеретіні белгілі.
Олай болса, рецепторлық ақпарат бұзылуының басты себебі
рецепторлық кешен буындарының дұрыс әрекеттеспеуінде.
Бірқатар аурулардың себебі
жасушалық
рецепторлардың
болмауы
немесе
олардың әрекетінің
тежелуі
(блокада). Мысалы, паренхималық немесе
мезенхималық
жасушаларда апо - және B, E-рецепторлар болмаса,
гомозиготалық гиперлипопротеинемияның IIа типі дамиды (бұл ауру
отбасылық эссенциалдық гиперхолестеринемия деп те аталады). Гомозиготалық
гиперлипопротеинемиямен сырқаттарға апо- және B, E-рецепторлары сақталған
бауырды көшіріп отырғызса, қандағы холестериннің мөлшері қалыпты
деңгейіне дейін азайып, атеросклероз бен коронарлық
ауруға тән нышандар
жойылады. Ал идиопатиялық мембраналы нефропатияның даму себебі
иммундық
глобулиндердегі
Fc-бөлікшесіне
қатысты
мезангиоциттік
рецепторлардың тума ақауымен байланысты.
Жасушалық рецепторлардың әрекеті көбіне антиденелердің әсерінен
тоқтайды. Ондайда цитоуытты әсерге тән (белсенділікті тоқтататын немесе
нейтрал ететін) жауаптың бір бейнесі ретінде
рецепторлардың антиденелік
аурулары
дамиды. Бұл аурулар тобына жүйке-бұлшықеттік табақшаның
ацетилхолиндік рецепторларына қатысты антиденелердің
әсерінен дамитын
миастения мен инсулиндік рецепторлардың әрекетін тоқтатып, жасушаны
инсулиндік сигналды қабылдамайтындай ететін антиденелердің әсерінен
дамитын инсулинге резистентті қантты диабет (сусамыр) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: