Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет484/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   832
Байланысты:
струков патан

230-сурет. Липоидтық нефроз:
а — гистологиялық бейнесі өзгермеген; жұқалау кесінді; б — 
капиллярлардың базал мембранасы (БМ) зақымдалмаған, подоциттердің (Пд) кіші өскіні жоқ. 
Электронграмма. 24 000.
 
Липоидтық нефроздан бүйрек ұлғайып, жұмсарады, оның қабығы оңай 
сыдырылып, сарғыштау үсті тегіс болады. Кескенде сарғыштау ақ немесе 
ақшылдау боз түсті қыртыстық қабатының қалыңдағаны байқалады. Бұндай 
бүйрек 
«ұлғайған ақ бүйрек»
деп аталады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
393
Ағымы
. Қазір стероидтық гормондар қолданылатындықтан, липоидты нефроз 
жақсы емделеді. Дегенмен, кейде аз зақымды ошақты (фокал) өзгерістер 
сегменттік гломерулалық гиалинозға (склерозға) ұласып, аурудың соңында 
бүйрек бүріседі. 
Мембраналы нефропатия
мембраналы гломеруланефрит
деп те аталады, 
бірақ гломерулалар қабынбайды. Бұл — созылмалы ауру; клиникасына 
нефроздық синдром немесе протеинурия тән. Оның жарық микроскобымен 
және электрондық микроскоппен ғана айқындалатын өзіндік морфологиясы 
бар. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Аурудың даму себебі белгісіз. Патогенезі жан-
жақты зерттелген: мембраналы гломерулапатияның даму барысында 
гломерулалық 
фильтрді, 
әдетте 
құрамында 
белгісіз 
антиген 
бар 
қанайналымындағы иммундық кешендер зақымдайды; бірқатар жағдайда 
антигендік (гаптендік) әсер D-пенициллинмен, алтынды препараттармен, т.б. да 
бірқатар дәрі-дермектермен байланысты. 
Патологиялық анатомиясы
. Мембраналы нефропатия кезінде шумақ 
капиллярларының мембранасы қалыңдап, ондағы мезангиоциттер мүлде 
көбеймейді немесе шамалап қана көбейеді. Эпителийдің астына шөккен 
иммундық кешендердің әсерінен подоциттер базал мембрананың құрамдас 
заттарын тым көп түзіп, капиллярлардың іргесі қалыңдайды. Бірақ иммундық 
кешендердің әсерінен қабыну үдерісі өрістей қоймайды: себебі макрофаг рөлін 
атқаратын мезангийлік жасушаларда Fc-рецепторлар тұқымқуалап немесе жүре 
тапшы болады. 
Жарық микроскопымен қарағанда базал мембранадағы жаңа түзілген заттар 
иммундық кешендердің арасына жиналып, подоциттер жағындағы өскін тәрізді 
болып көрінеді. Бұл өскіндер базал мембрананың «тікенекшесі» деп аталып жүр 
(231-сурет). Электрондық микроскоппен мәні дәлірек айқындалған соң, бұл 
құбылыс 
мембраналық трансформация
деп аталатын болды (231-суретті қара). 
Мембраналық трансформацияның зардабынан шумақтарда склероз бен 
гиалиноз өрістейді. Шумақтары зақымдалған өзекшелердің эпителийі 
дистрофияға ұшырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   480   481   482   483   484   485   486   487   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет