Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Мембраналы гломеруланефрит (мембраналы нефропатия)



Pdf көрінісі
бет485/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   481   482   483   484   485   486   487   488   ...   832
Байланысты:
струков патан

231-сурет. Мембраналы гломеруланефрит (мембраналы нефропатия):
а — шумақ капиллярларының 
базал мембранасындағы «тікенекшелер» (нұсқалған), жұқалау кесінді (гистологиялық бейне); б — 
иммунндық кешендердің (ИК) базал мембрана (БМ) өскіндері бөліп тұрған (нұсқалған) 
субэпителийлік тұнбалары; подоциттерде (Пд) кіші өскін жоқ — мембраналы трансформация. 
Электронграмма. 24 000.
 
Мембраналы нефропатиядан бүйрек ұлғайып, ақшыл қызғылттау немесе 
сарғыш реңді болады, үсті тегіс келеді. 
Ақыры
. Бүйрек бүрісіп, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі дамиды. 
Сегменттік фокал гломерулалық склероз (гиалиноз) нефроздық синдромның 
даму барысында ғана байқалады. Ол біріншілік (идиопатиялық) немесе 
липоидты нефроздан туындап, салдарлық болады. 
Этиологиясы 
мен 
патогенезі
белгісіз. 
Сегменттік 
гиалиноз 
юкстамедуллалық шумақтардағы капиллярлар иірімі зақымдалып, қабысқан 


Нуржігіт Алтынбеков 
394
жерлерде заталмасулық үдеріс дұрыс жүрмегендіктен дамиды деп пайымдалып 
жүр. 
Патологиялық анатомиясы
. Склероз бен гиалиноз тек 
юкстамедуллалық 
шумақтардың
кейбіреуін ғана зақымдап 
(фокал өзгерістер
), қан тамырлары 
шоғырының бірлі-жарым сегментін ғана шарпиды (
сегменттік өзгерістер
),
басқа сегменттер зақымдалмайды. Гломерулапатияның бұл нысанының басқа да 
ерекшеліктері бар: әдетте, дәнекер тіндік бірікпелер қалыптасқан шумақтардың 
қабықшасындағы гиалинді аймақтар мен мезангиоциттерде үнемі 
липидтер
болады. Липидті мезангиоциттер 
көпіршікті жасушалар
деп аталады. 
Мезангиоциттер көбеймейді. Ультрақұрылымдық ерекшелігі — электрондық 
микроскоппен 
қарағанда 
шумақ 
капиллярларының 
қабысып 
қалған 
жерлеріндегі базал мембрананың эндотелийге қараған беті түтеленіп тұрады. 
Сегменттік 
фокал 
склероз 
(гиалиноз), 
әдетте 
бүйрек 
қызметі 
жеткіліксіздігімен 
аяқталады

Тұқымқуалайтын нефроздық синдром сирек кездеседі. Ол иммундық механизмге 
негізделетін сияқты, өйткені ана мен нәрестені зерттегенде, олардан антиплаценталық 
және антибүйректік антиденелер табылады. Бұл ауруда көбіне аномалиялы бүйрек пен 
интракапиллярлық пролиферациялы гломеруланефрит және өзекшелік кисталар 
қосарланғаны 
байқалады. 
Сырқат 
балалар 
бүйрек 
қызметінің 
созылмалы 
жеткіліксіздігінен өлді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   481   482   483   484   485   486   487   488   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет