Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет480/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
390
оған матрикс жиналады. Көбейген мезангиоциттердің өсінділері капиллярлық 
иірімдердің шет жағына қарай жайылып (
мезангийдің интерпозициясы
), 
эндотелийді мембранадан «сыдырып», ажыратады, сондықтан жарық 
микроскопымен қарағанда капиллярлық мембрана қалыңдағандай және 
қоссұлбалы болып, ыдырағандай көрінеді. Шумақтағы мезангий мен 
капиллярлар іргесінің өзгеру дәрежесі мен сипатына қарай, мезангийлік 
гломеруланефрит мезангий-пролиферациялы және мезангий-капиллярлық 
варианттарға жіктеледі. 
Мезангий-пролиферациялы гломеруланефриттің
клиникалық ағымы онша 
қатерлі болмайды; мезангиоциттер көбейіп, мезангий кеңиді, шумақтағы 
капиллярлар шамалы ғана зақымдалады (227-сурет). Ал 
мезангий-капиллярлық 
гломеруланефриттің
ерекшеліктері: 
бүйрек 
қызметінің 
созылмалы 
жеткіліксіздігі едәуір жылдам дамиды, мезангиоциттер тым көбейеді, 
шумақтағы 
капиллярлық 
иірімдердің 
мембранасында 
мезангийдің 
интерпозициясы байқалып (228-сурет), олар ыдырап қалыңдайды. Кейде шумақ 
бөлікшесінің орталық аймағындағы мезангиоциттер мен мезангийлік матрикс 
көбейіп, капиллярлық иірімдерді шетке қарай ығыстырып, қысады, сол себепті 
шумақтағы капиллярлық бөлікшелер тез арада гиалинозға ұшырайды. 
Мезангий-капиллярлық 
гломеруланефриттің 
бұл 
нысаны 
лобулалық 
(бөлікшелік) гломеруланефрит
деп аталады. 
227-сурет. Мезангий-пролиферациялы гломеруланефрит:
а —мезангийлік жасушалар көбейіп, мезангий 
кеңіген, жұқалау кесінді (гистологиялық бейне); б —ұлғайған мезангиоциттер (Мз), мезангийге 
шөккен иммундық кешендер (ИК). Электронграмма. 12 000.
 
228-сурет. Мезангий-капиллярлық гломеруланефрит:
а —мезангийлік жасушалары көбейіп, тамырлар 
иірімі шорланып, бөлшектенген шумақ (гистологиялық бейне); б–шумақтың базал мембранасы мен 
мезангийіндегі С
3
-иммундық кешендер; в —көбейген мезангийлік жасушалар (МЖ), мезангийдің 
(ИнМ) интерпозициясы, мезангийдегі иммундық кешен депозиттері (Д). Электронграмма. 25 000.
 
Мезангийлік гломеруланефриттің барысында бүйректің шумақтары ғана 
өзгеріп қоймайды, өзекшелерінде дистрофия мен атрофия дамып, жасушалар 
шоғырланып, стромасы шорланады. 
Гломеруланефриттің бұл нысанында бүйрек қатайып, бозарады; оның 
қыртыстық қабаты сары дақты болады. 
Фибропластикалы 

склерозды) гломеруланефрит
деген — жинақтама атау. 
Өйткені, нефриттің басқа морфологиялық нысандарының соңғы кезеңінде орын 
алатын капиллярлық иірімдердегі склероз бен гиалиноз, шумақ қабықшасының 
саңылауында қалыптасатын бірікпелер гломеруланефриттің бұл нысанына да 
тән. Фибропластикалы үдеріс бірде шумақтардың көбін жайлап, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет