Нуржігіт Алтынбеков
396
қызметінің жедел жеткіліксіздігі
байқалуы мүмкін. Өйткені амилоидты
нефроз кезінде бүйрек қызметінің жеткіліксіздігін дамытатын себеп көп: оған
ыдыраған белок өнімдерінің қанда көбеюі де, артериялық қысымның шок
дамығандай болып құлдырауы да, бүйректе қанайналымының тежелуі де,
бүйректің веналарында тромбылар түзіліп, қанайналымының бұзылуы да, т.б.
қосымша сырқаттар мен жағдайлар да себеп бола алады.
Бүйрек амилоидозымен сырқаттардың көбі аурудың соңғы кезеңінде бүйрек
қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінен немесе уремиядан
өледі
. Кейде
олардың өліміне бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі немесе қосарланған
инфекциялық ауру себеп болады.
Гломерулапатиялар тобына
диабеттік гломерулосклероздың
негізі болып табылатын
диабеттік гломерулосклероз
(«Ішкі секреция бездерінің ауруларын»
қара) және
созылмалы гепатит пен бауыр циррозы кезінде байқалатын бауырлық гломерулосклероз
да («
Бауыр, өт қабы және ұйқы безінің ауруларын»
қара ) жататынын ескерген жөн.
Тубулапатиялар
БҮЙРЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ
Бүйректің жедел жеткіліксіздігі
— өзекшелердің эпителийінде некроз
дамып, бүйректе қан- және лимфаайналымы терең зақымдалатын синдром.
Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігінің морфологиялық негізі —
некрозды
нефроз (некронефроз)
.
Достарыңызбен бөлісу: