Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет497/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   832
Байланысты:
струков патан

Этиологиясы мен патогенезі
. Бүйрек пен зәр жолдарында тас неліктен 
түзілетіні әлі толық зерттелмеген. Тастың байлануына қолайлы жалпы 
факторлар тобына: минералдар (кальций, фосфор, несеп қышқылы, қымыздық 
қышқылы) алмасуы мен қышқыл-негіз тепе-теңдігі (ацидоз) бұзылуының 
тұқымқуалайтын түрлері, тамақтану ерекшеліктері (тамақта көмірсулар мен 
жануарлық белоктың басым болуы) мен ауыз судың минералдық құрамының 
әсері (эндемиялы нефролитиаз), сондай-ақ витаминдер жеткіліксіздігі (А-
авитаминоз) жатады. 
Жергілікті факторларға
зәрдің физика-химиялық 
сапасын өзгертіп, ондағы тұздардың тұнбаға түсуіне қолайлы жағдай 
туындататын факторлар жатады. Олардың ішінде зәр жолдарының қабынуы 
мен 
зәрлік стаз
маңызды орын алады. Бұл факторлардың әсерінен зәрде 
кальцийдің мөлшері артып, оның рH-ы мен коллоидтық тепе-теңдігі өзгеріп, 
тастың коллоидтық (белоктық) қалыбы қалыптасады. Түбектердің, астаушалар 
мен несепағардың іргесінде қанайналымы (трофика) бұзылып, атония дамыса 
да, нефролитиаз байқалады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
403
Патологиялық анатомиясы
. Нефролитиаздың морфологиялық бейнесі әр 
алуан. Ол тастың түзілген орнына, көлеміне, үдерістің мерзіміне, инфекцияның 
әсеріне, т.б. да көптеген жағдайларға байланысты. 
Түбектегі тас зәрдің ағысын бұзып, 
пиелоэктазияға
, бүйректің паренхимасын 
семдіріп, 
гидронефрозға
ұшыратады; сөйтіп, зәр кернеген бүйрек жұқа іргелі 
қалтаға айналады (235-сурет). Егер тас астаушаға байланса, зәр ағысы сол 
жерде ғана бұзылып, төңірегіндегі тін ғана семеді де, сол астауша ғана кеңиді 
(
гидрокаликоз
). Несепағарды бітеген тас несепағардың сол бітелген жерден 
жоғары бөлімін де, түбектерді де кеңейтеді (
гидроуретеронефроз
). Ондай 
жағдайда несепағардың іргесі қабынып (
уретерит
), стриктура қалыптасады; 
кейде тастың қысымынан жауыр пайда болып, несепағардың сол бітелген тұсы 
тесіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет