Нуржігіт Алтынбеков
403
Патологиялық анатомиясы
. Нефролитиаздың морфологиялық бейнесі әр
алуан. Ол тастың түзілген орнына, көлеміне, үдерістің мерзіміне, инфекцияның
әсеріне, т.б. да көптеген жағдайларға байланысты.
Түбектегі тас зәрдің ағысын бұзып,
пиелоэктазияға
, бүйректің паренхимасын
семдіріп,
гидронефрозға
ұшыратады; сөйтіп, зәр кернеген бүйрек жұқа іргелі
қалтаға айналады (235-сурет). Егер тас астаушаға байланса, зәр ағысы сол
жерде ғана бұзылып, төңірегіндегі тін ғана семеді де, сол астауша ғана кеңиді
(
гидрокаликоз
). Несепағарды бітеген тас несепағардың сол бітелген жерден
жоғары бөлімін де, түбектерді де кеңейтеді (
гидроуретеронефроз
). Ондай
жағдайда несепағардың іргесі қабынып (
уретерит
), стриктура қалыптасады;
кейде тастың қысымынан жауыр пайда болып, несепағардың сол бітелген тұсы
тесіледі.
Достарыңызбен бөлісу: