Нуржігіт Алтынбеков 404
ауқымды болады. Кисталардың қысымынан бүйректің паренхимасы семіп,
шорланады, қабынады. Кистаның іргесі жұқарып, жыртылса, қабыну үдерісі
өрістейді. Поликистоз неғұрлым ерте қалыптасса, оның ағымы соғұрлым
қатерлі болатынын ескерген жөн. Көбіне бұл ауру ұзақ уақыт білінбейді.
Патологиялық анатомиясы . Кисталы бүйрек жүзімнің ірі шоқтарына
ұқсайды. Оның тінін көлемі мен кескіні әртүрлі, ішіне ұйымалы, коллоид
тәрізді, шоколад түсті қойыртпақ немесе сұйықтау зат жиналған қуыстар түзеді.
Кистаның ішкі бетін аласалау, текшепішінді эпителий астарлайды. Кейде
кистаның іргесінде бүріскен шумақтар болады. Кисталардың арасындағы
бүйректік тін семіп қалады. Бүйрек поликистозының біразына бауырдың, ұйқы
безі мен аналық бездердің поликистозы қабаттасады.
Асқыну зардаптары . Көбіне поликистоз пиелонефритпен асқынады немесе
кисталар іріңдейді; кейде кистаның іргесінен ісік (карцинома) өрістейді.
Бүйрек поликистозының
ақыры жақсы емес, науқас адам бүйрек қызметі
жеткіліксіздігінен немесе азотемиялық уремиядан өледі.
Нефросклероз Нефросклероз — бүйректің дәнекер тін жайлап, қатайып, сиықсыздануы
(бүрісуі
.
Этиологиясы мен патогенезі . Нефросклероздың себептері алуан түрлі.
Бүйрек қан тамырлары склерозға ұшырап, біріншілік жолмен де, шумақтары,
өзекшелері мен стромасы қабынып дистрофия өрістеп, салдарлық сипатта да
бүріседі. Гипертония ауруы мен симптомдық гипертония бүйректің
тамырларын зақымдап,
артериолосклероздық нефросклероз (нефроцирроз
дамытса,
атеросклероз
ауруы
атеросклероздық нефросклерозға (нефроциррозға) себеп болады
(біріншілік бүріскен бүйрек) . Бүйрек салдарлық
сипатта көбіне созылмалы гломеруланефриттен (
нефриттен салдарлық бүріскен бүйрек
, кейде — пиелонефриттен (
пиелонефриттен бүріскен бүйрек немесе
бүйректер ), амилоидты нефроздан (
амилоидоздан бүріскен бүйрек ),
бүйрек
туберкулезінен,
диабеттік
гломеруласклероздан,
бүйректің
инфарктісінен, т.б. себептерден бүріседі. Қандай себептен дамыса да,
нефросклероз (нефроцирроз
) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ұшыратады.