Нуржігіт Алтынбеков 406
БҮЙРЕКТІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі — морфологиясы
нефросклерозға (
бүріскен бүйрек ), ал клиникалық бейнесі уремияға негізделетін синдром.
Уремия организмде азот қоқыстары (карбамид — мочевина, несеп қышқылы,
креатинин, индикан) жиналып, ацидоз дамып, электролиттер тепе-теңдігінің
терең бұзылуымен байланысты. Белоктар мен электролиттер алмасуы және
қышқылдар мен негіздер тепе-теңдігі өзгергендіктен,
аутоинтоксикация байқалып,
жасушалық метаболизм бұзылады .
Патологиялық анатомиясы .
Бүйрек
қызметінің
созылмалы
жеткіліксіздігінің патологиялық анатомиясы экстрареналдық экскрециялық
жүйелердің (тері, тынысалу, асқорыту мүшелері мен сірі қабықшалардың)
зақымдалуына негізделеді. Уремиядан өлген адамның мәйітін зерттегенде,
зәрдің иісі сезіледі. Ксантгидрол реакциясын қолданғанда, барлық мүшелерден,
әсіресе асқазаннан, өкпеден, талақтан карбамид (мочевина) анықталады.
Аммонийдің ұшпалы қоспалары қуатты хлорлы сутегі қышқылымен қосылып,
хлорлы аммоний түзіп, буға айналады. Уремияны анықтау үшін мәйітті
зерттегенде осы реакцияны қолдануға болады.
Теріге урохром жиналады, сондықтан ол бозғылт қоңыр түсті. Терілік бездер
тұзды заттарды (хлоридтер, карбамид пен несеп қышқылы кристалдарын) көп
бөліп шығаратындықтан, әсіресе бет терісі опа жаққандай ағарады.
Геморрагиялық диатезге тән белгілер —
бөртпелер мен
қанды ошақтар —
байқалады. Уремияның зардабынан көбіне фибринді-некрозды немесе
фибринді-геморрагиялы
ларингит ,
трахеит ,
пневмония дамиды. Әдетте, өкпе
су сіңіп ісінеді. Катарлы, фибринді немесе фибринді-геморрагиялы
фарингит ,
гастрит ,
энтероколит те жиі байқалады. Бауырды
майлы дистрофия шарпиды.
Ұйымалы, ұйымалы-фибринді және фибринді
перикардит ,
уремиялық миокардит те жиі байқалып, кейде
сүйелді эндокардит орын алады. Уремиялық
плеврит пен
перитонит те дамиды. Мидың тіні уремия кезінде су сіңіп ісініп,
ағарады, кейде жұмсарған жерлер мен қанды ошақтар пайда болады. Талақ
сепсистегідей ұлғаяды.
Уремия бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінде ғана емес, оның
жедел нысанында да дамиды. Ол эклампсия (эклампсиялық уремия) мен
хлоргидропения (хлоргидропениялық уремия) кезінде де байқалады.
Гемодиализ жиі қолданылса, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі
көп жылдарға созылуы мүмкін; ондай науқастар үнемі
созылмалы субуремия жағдайында болады. Субуремияның патологиялық анатомиясы ерекше:
экссудатты-некрозды үдерістерден гөрі метаболизмдік өзгерістер (миокардта
некрозды ошақтар) мен пролиферациялы қабыну (бірікпелі перикардит,
үлпершек саңылауының бітелуі) басым болып, әдетте сүйектер (остеопороз,
остеосклероз) мен эндокриндік жүйе (қалқанша маңы безінің адаптациялық
гиперплазиясы) зақымдалады. Бүйректер тым семіп, кішірейіп, массасы 15—20
г аспайды; оларды мәйіттен тауып алу үшін тиянақтылық қажет.