Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Сүт безінің қатерсіз дисплазиясы



Pdf көрінісі
бет506/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   502   503   504   505   506   507   508   509   ...   832
Байланысты:
струков патан

236-сурет. Сүт безінің қатерсіз дисплазиясы 
(пролиферациялы нысан).
 
Сүт безінің қатерсіз дисплазиясына гинекомастия (грекше: 
gуnе

әйел және 
mastos
— 
кеуде), яғни ер адамдардың сүт безі ұлғайып, онда қатайған ошақтар пайда болатын 
ауру да жатады. Бездің жалпы микробейнесі бойжеткендердің емшегіне ұқсап, эпителий 
көбейеді, кеңейген бүртікті өзекшелер болады. Кейде пролиферациялы мастопатияға 
тән солидты және криброзды құрылымдар қалыптасады. Гинекомастиямен 
сырқаттардың кейбіреуі әйел пішінді (
феминизация
) келеді. 
Сүт безіндегі қатерсіз дисплазияның біразы карциномаға ұласады, сондықтан 
ол да 
ракалдылық үдеріс

Жыныстық мүшелер мен сүт безінің қабынулық аурулары 
Жыныстық мүшелерде дамыған қабыну үдерісінің
көбі туберкулез, сифилис 
(мерез), гонорея (соз) сияқты негізгі аурулардың бір көрінісі болып табылады. 
Олардың ішінде ең маңыздылары — жатырдың кілегейлі қабықшасының 
қабынуы (эндометрит), сүт безінің қабынуы (мастит), еннің қабынуы (орхит) 
және қуықасты безінің қабынуы (простатит). 
Эндометрит
. Ол жедел және созылмалы болады. 
Жедел эндометриттің
біразы жаңа босанғандарда немесе түсіктен кейін 
түрлі 
микроорганизмдердің 
(стрептококк, 
стафилококк, 
анаэробтық 
бактериялардың, ішек таяқшасының) әсерінен дамиды. Кілегейлі қабықшаны 
ірің немесе бозғылт қызыл түсті шіріген қабыршық жауып кетеді. Қабыну 
үдерісі миометрийдегі қан тамырларына жайылса, 
іріңді метрит
пен 
тромбылы флебит
орын алады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
411
Созылмалы
 
эндометрит
кезінде жатырдың кілегейлі қабықшасында 
созылмалы катар дамып, кейде іріңді шырыш немесе ірің тым көп бөлінеді (ақ 
етеккір — 
fluor
аlbus
). Толыққанды кілегейлі қабықшақа лимфоциттер, 
плазмациттер мен лейкоциттер шоғырланады. Эндометрийдегі бездердің 
эпителийі тым түлеп, көбейеді. Эндометрит ұзаққа созылса, бездер семіп, 
кілегейлі қабықшаны фиброз бен лимфоциттер шоғыры жайлайды 
(
атрофиялық эндометрит
). Бездің өзекшелерін фиброзды тін қысып тастаса, 
саңылауындағы сұйықтық қойылып, кисталар қалыптасады (
кисталы 
эндометрит
). 
Созылмалы эндометрит кілегейлі қабықшаның гиперплазиясына ұласса, 
гипертрофиялық эндометрит
деп аталады. Оны жатырдың кілегейлі 
қабықшасының гиперплазиясынан ажырату қиын. 
Мастит
— сүт безінің қабынуы; ол да жедел және созылмалы ағымды.
Жедел ағымды іріңді (флегмоналы) мастит
көбіне жаңа босанған әйелдерде, 
әдетте стафилококтің әсерінен дамиды. 
Созылмалы
 
маститтің
көбі жедел 
маститтен өрбіп, іріңді болады. 
Орхит
— еннің (аталық бездің) қабынуы. Бұл ауру да жедел және созылмалы 
ағымды. 
Жедел орхит
іш сүзегі, безгек, соз сияқты бірқатар инфекциялар мен көбіне 
эпидемиялы паротит (20—30%) асқынғанда байқалады. Енде, әдетте іріңді 
қабыну дамиды, ал эпидемиялы паротиттен диффузды аралық қабыну өрістеп, 
экссудатта лимфоциттер басым болады. 
Созылмалы
 
орхит
жедел орхиттің жалғасы да, туберкулез, мерез, 
актиномикоз сияқты созылмалы инфекциялар мен ен жарақатының бір көрінісі 
де бола алады. Оның даму барысына аутоиммундық механизмдердің де 
қатысты болуы мүмкін (
аутоиммундық
орхит
). Енде созылмалы, диффузды 
немесе гранулемалы қабыну орын алады; мүшенің стромасына сперматозоидтар 
өтіп кетсе, ерекше бейнелі — 
сперматозоидтық
гранулемалар
қалыптасады. 
Орхиттің, әсіресе оның созылмалы нысанының ақыры жақсы емес; 
ұрықсыздыққа (шәуһетсіздікке) ұрындырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   502   503   504   505   506   507   508   509   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет