Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет555/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   551   552   553   554   555   556   557   558   ...   832
Байланысты:
струков патан

созылмалы 
ағымды
болса, Кожевников эпилепсиясының синдромы дамиды. 
Эпидемиялық қаулау кезеңінде көбіне жүйке жүйесі онша зақымдалмай, 
аурудың 
көмескі нысандары
, кейде менингийлік нысаны орын алады. Аурудың 
бұл нысанынан болған зақымдар айтарлықтай толығырақ қалпына келеді. 
Патологиялық анатомиясы
. Мидың қан тамырлары толыққанды, ісінген 
тінінде қанды ошақтар көп болады. 
Микробейнесі
аурудың даму кезеңі мен 
ағымының сипатына байланысты. Ауру 
жедел ағымды
болса, қанайналымы 
күрт бұзылып, экссудатты қабыну басымырақ өрістеп, көбіне қан 
тамырларының маңына жасушалар шоғырланып, нейронфагия дамиды. Ауру 
ұзаққа созылса
, глия, әсіресе астроциттік глия тым көбейіп, жүйке жүйесінің әр 
жері зақымдалады (спонгийлі жерлер, түйіршікті шарлар шоғыры). Ал кенелік 
энцефалит 
созылмалы
болса, фибриллалы глиоз өрістеп, мидың миелині 
кемиді, кейде оның белгілі бір бөлімдері ғана семеді. 
Өлімнің себебі
. Алғашқы 2—3-тәулікте өлімге ми бағанының зақымдылуы 
себеп болса, кейінірек науқас басқа себептерден өлуі мүмкін. 


Нуржігіт Алтынбеков 
449

Инфекциялық аурулар 
Инфекциялық аурулар
– инфекциялық агенттер, яғни вирустар, 
риккетсиялар, бактериялар мен саңырауқұлақтар қоздыратын аурулар тобы. 
Организмге қарапайымдар мен құрттар кіріп дамытқан аурулар инвазиялық 
аурулар деп аталады. 
Қазір бірқатар инфекциялық аурулар мүлдем жойылды. Әйтсе де, көптеген 
инфекциялық аурулар, әсіресе вирустық аурулар халыққа әлі де едәуір қатер 
туғызуда. Сонымен қатар, жер шарында біраз инфекциялардың эндемиялық 
ошақтары әлі де баршылық. Сондықтан бұл аурулар бүгінгі көліктердің 
жылдамдығындай жылдамдықпен елден елге оп-оңай жайылып кетуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   551   552   553   554   555   556   557   558   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет