Нуржігіт Алтынбеков
451
инкубациялық, продромдық және айқын бейнелі
(аурудың басталуы, айқын
және бәсеңдеу) кезеңдерден өтеді. Инфекциялық аурумен сырқаттанғандар
толық
айығады
немесе
ауруы
созылмалы
сипат
алады,
бациллатасымалдаушыға айналуы да мүмкін. Бірқатар инфекциялық аурулар
асқынып, кейде өлімге де себеп болады.
Классификациясы
. Инфекциялық аурулар төрт негізгі нышандары
тұрғысынан жіктеледі.
Биологиялық тұрғыдан
: 1) адамда ғана кездесетін инфекциялық аурулар –
антропоноздар тобына; 2) адам мен жануарлардың инфекциялық аурулары –
антропозооноз тобына; 3) жәндіктерде көбейіп, олар шаққанда жұғатын
антропоноздар мен антропозооноздар тобы – биоценоздар тобына жатады.
Этиологиялық
тұрғыдан: 1) вирустық инфекциялар; 2) риккетсиоздар; 3)
бактериялық инфекциялар; 4) саңырауқұлақтық инфекциялар; 5) протозойлық
инфекциялар; 6) паразиттік инфекциялар деп жіктеледі.
Жұғу механизміне
қарай: 1) инфект ауыз арқылы түсетін — ішектік
инфекциялар, 2) ауа-тамшы арқылы жұғатын — тынысалу жолдарының
инфекциялары, 3) қансорғыш буынаяқтылар арқылы жұғатын — «қан
инфекциялары» (трансмиссиялық), 4) дененің сыртқы жамылғысы, клетчаткасы
мен бұлшықеттерінің инфекциялары (инфекциялық сыртқы факторлардың әсері
арқылы, инфекциялық затпен жарақаттанғанда жұғатын) және 5) жұғу
механизмдері әртүрлі инфекциялар тобына бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: