Нуржігіт Алтынбеков 450
Түрлі инфекциялық агенттердің әсеріне тіндер әрқилы жауап береді. Ол
жауап әсіресе бактериялық және вирустық инфекцияларда өте айқын
болады.Тінге өткен бактериялар көбіне
қабыну үдерісін өрбітсе, вирустар
микроорганизмнің жасушарларын өзінің көбею механизмінің (репродукция)
ыңғайына көшіріп,
дистрофиялық пен
некроз және
пролиферация мен
трансформация үдерістін туындатады да, негізі айтарлықтай салдарлық
сипаттағы қабынулық жауап өрістейді.
Инфекциялық үдерісті қандай бактерия немесе вирус дамытса да, организмде
оны жойып, шығаруға (элиминация) бағытталған
иммундық жауап қалыптасады. Антигеннің әсерінен иммундық жүйе жанданып, қан арнасында
антиденелер пайда болады. Комплементті жағдайда антиген мен антиденеден
түзілген кешен микробтар мен токсиндерді жойып, постинфекциялық
(инфекциядан кейінгі) гуморальдық иммунитетті жүзеге асырады. Сонымен
қатар, инфекциялық ауру кезіндегі ұзақ мерзімді антигендік әсерден организм
сенсибилизацияланып , гиперсезімталдық жауаптың жедел немесе баяу типі
орын алады (аллергиялық жауап). Қорыта айтсақ, инфекциялық аурумен
сырқаттанғандардың тіндеріндегі зақымдар инфектінің әсерімен ғана емес,
организмнің оған қарсы гиперсезімталдық жауабымен де сабақтас.
Клиника-морфологиялық сипаттамасы . Инфекциялық ауруларға ортақ
бірқатар нышандар бар:
Әр инфекциялық аурудың өз
қоздырушысы бар, ол науқастың қанынан
немесе экскреттерінен табылады.
Әр инфекциялық аурудың сол инфекцияға тән
керер қақпасы болады.
Инфекциялық ауруда
алғашқы аффект (ошақ) қалыптасады, әдетте ол кірер
қақпада пайда болады. Алғашқы аффект — қабынулық ошақ. Инфекция
лимфогендік жолмен жайылса, сол жерден лимфаны әкететін тамырлар
(лимфангит) пен сол аймақтың лимфалық түйіндері
(лимфаденит) қабынады
. Алғашқы аффекті, лимфангит пен лимфаденит сабақтасса,
инфекциялық алғашқы кешен деп аталады
. Кейбір инфекциялардағы (туберкулез, сифилис,
туляремия) кешеннің өзіндік бейнесі болса, енді біреулерінде (бөртпе немесе
қайталамалы сүзек, малярия) — ол мүлде қалыптаспайды, үдеріс бірден
жалпы (генерализациялы) сипатта өрістейді.
Инфекция алғашқы ошақтан немесе кешеннен
лимфогендік ,
гематогендік ,
интраканалдық ,
перинервтік немесе
контактылық (
жанаспа ) жолдармен
жайылуы мүмкін.
Әр инфекциялық аурудың белгілі бір тінде немесе мүшеде (дизентерия —тоқ
ішекте, полиомиелит — жұлынның алдыңғы бағанының жасушасында,
бөртпе сүзек — ұсақ қан тамырының қабырғасында) дамып, сол ауруға түрлі
дәрежеде тән жергілікті өзгерістері болады.
Инфекциялық ауруларда