Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет617/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   613   614   615   616   617   618   619   620   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
494
Біріншілік 
туберкулезден 
буындарда 
параспецификалық
жауап
гиперсезімталдықтың жедел және баяу типтері өрістеп, ревматизмге ұқсас 
болады; ол Понсе ревматизмі деп аталады.
Өкпеде біріншілік каверна қалыптасып, өкпелік алғашқы көксау дамыған 
жағдай да, созылмалы біріншілік туберкулезге жатады (XXIV тәсімді қара) 
Г
ЕМАТОГЕНДІК ТУБЕРКУЛЕЗ
 
Гематогендік туберкулез 
инфекция бір рет жұғып, ауырып, жазылған 
адамның организмінде біраз уақыттан соң 
қайта басталған туберкулездің
бірқатар ерекше нысандарын топтастырады. Ол біріншілік туберкулезден 
(кейін) туындайды.Туберкулездің бұл нысаны клиникалық тұрғыдан, 
біріншілік туберкулезден айығып, бірақ туберкулиннің әсеріне сезімталдығын 
жоғары деңгейде сақтап қалған және туберкулез микобактериясына едәуір 
иммунитет қалыптастырған адамдарда байқалады. Гематогендік туберкулез 
мүшелерінде біріншілік инфекциядан қалған 
шашыранды ошақтар
немесе 
лимфалық түйіндеріндігі ошақтар толық жазылмағандарда дамиды. Бұл 
ошақтар кейде ұзақ уақыт білінбейді, латентті күйінде қалып, сезімталдық 
(микобактерияға қарсы иммунитет, туберкулинге сезімталдық қалыптасқан) 
жоғары деңгейде сақталғандарға қолайсыз факторлар әсер еткенде ғана 
жанданады. Сондықтан да гематогендік туберкулез кезінде тіндердің 
пролиферациялы жауабы басым болып (гранулемалар түзіліп), гематогендік 
жолмен жалпы жайылуға бейімділік байқалады да, әртүрлі мүшелер мен тіндер 
зақымдалады. 
Гематогендік туберкулездің 3 нысаны бар (XXV тәсім): 1) гематогендік 
жалпы туберкулез; 2) өкпені басым зақымдайтын гематогендік туберкулез; 3) 
өкпеден басқа мүшелерді басым зақымдайтын гематогендік туберкулез. 
Гематогендік жалпы (генерализациялы) туберкулез

туберкулездің ең 
ауыр зардапты нысаны; туберкулез төбешіктері мен ошақтары көптеген 
мүшелерге біркелкі шашырап жайылады. Кейде барлық мүшелерде 
пролиферациялы қабыну мүлдем болмайды немесе экссудатты қабыну 
өте
нашар дамып, негізінен некрозды ошақтар қалыптасады. Бұл 

туберкулездік
өте жедел сепсис
, ол гематогендік жалпы туберкулездің 
некрозды түрі
деп те 
аталды. Енді бірде, бүкіл мүшелерде тарыдай ұсақ пролиферациялы төбешіктер 
пайда болады 
– 
жалпы милиарлы жедел туберкулез
; көбіне менингитпен 
аяқталады. Тағы бірде, 
жалпы іріошақты жедел туберкулез
дамиды. Ол, 
әдетте әлсіреген науқастарда байқалып, түрлі мүшелерде ірі-ірі (диаметрі 1 см-
дей) туберкулездік ошақтар болады (270-сурет). 
Гематогендік жалпы туберкулез байқалса, микобактерияның жайылу көзі 
болған ошақты табу керек. Әдетте, ол лимфалық түйіндерде, жыныстық 
мүшелерде, сүйекте немесе басқа жүйелерде алғашқы инфекциядан қалып, 
толық жазылмаған ошақтар екені анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   613   614   615   616   617   618   619   620   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет