Нуржігіт Алтынбеков 491
Ауру
алиментарлық жолмен жұқса, туберкулездің алғашқы кешені ішекте
қалыптасып, ол да 3 компоненттен құрылады. Аш ішектің төменгі бөлімі мен
бүйеннің қабырғасындағы лимфалық тінде туберкулездік некрозды төбешіктер
пайда болып, кейін олар
ойық жараға айналады. Осы ойық жара –
алғашқы аффект . Кейін туберкулездік төбешіктер лимфалық тамырлардың өне бойына
тізбектеліп,
туберкулездік лимфангит өрбіп, алғашқы аффектілі аймақтан
лимфа жинайтын түйіндерде казеозды лимфаденит дамиды.
Бадамша без (бадамшада алғашқы аффект, лимфангит, мойынның лимфалық түйіндерінде
казеозды некроз) бен
теріде де (теріде ойық жара, лимфангит, сол аймақтың
лимфалық түйіндерінде лимфаденит) біріншілік туберкулез кешені тап осылай
қалыптасады.
Біріншілік туберкулездің даму барысының 3 варианты бар: 1) біріншілік
туберкулез өшіп, біріншілік кешен ошақтарының жазылуы; 2) біріншілік
туберкулез өршіп, үдеріс жалпы жайылады; 3) біріншілік созылмалы
туберкулезге айналады (созылмалы біріншілік туберкулез (XXІV тәсімді қара).
Біріншілік туберкулез өшіп, біріншілік кешен ошақтарының жазылуы .
Бұл үдеріс өкпедегі алғашқы ошақтан басталады. Алдымен ірімтіктенген
некрозды ошақтың маңындағы (перифокал) қабыну тарап, тіндердің экссудатты
жауабы пролиферациялы қабынуға ауысады. Сөйтіп, эпителиоид және
лимфалық жасушалар казеозды пневмония ошағын жағалай қоршап, өкпенің
тінінен шектейді. Шектелген жерде склероз басталған туберкулездік
гранулемалар пайда болады. Олар алғашқы аффектіні қоршап, қабық түзеді.
Қабықтың сыртқы қабаты лимфалық жасушалармен қоршалған ұсақ
тамырлардан және жұмсақ дәнекер тіннен құрылады. Оның казеозды өлексемен
жанасқан ішкі қабатында біртіндеп талшықты дәнекер тін көбейіп, кейін
сыртқы қабатпен бірігіп кетеді. Алғашқы аффектінің сыртқы қабатындағы қан
тамырлары кейде ішке қарай жайылып, кейде ішкі қабатқа жетіп, казеозды
өлексемен жанасады. Сондықтан казеозды өлексе біртіндеп құрғап, қатайып,
ізбестенеді (
петрификация ). Уақыт өте келе, ізбестенген казеозды өлексемен
жанасқан ішкі қабатта көпядролы алып жасушалар (макрофагтар мен
кальциофагтар) пайда болып, казеозды өлексені сіңіріп, таратады. Ол жерлерде
метаплазия өрістеп, сүйек табақшалары түзіліп, олардың арасынан сүйек
кемігінде болатын жасушалар байқалады. Сөйтіп, ізбестенген алғашқы ошақ
сүйектенген ошаққа айналады (
оссификация ). Алғашқы ошақтың осы ретпен
жазылуын Чехия паталогы Гон сипаттаған-ды, сондықтан ол
Гон ошағы деп
аталады.
Туберкулездік лимфангит жазылса, туберкулездік гранулемаларды талшықты
дәнекер тін жайлап,
фиброзды жолақ қалыптасады. Лимфалық түйіндер де тап
осылай жазылады. Бірақ лимфалық түйіндердің зақымы өкпедегіден
ауқымдылау, сол себепті олар баяулау жазылады. Лимфалық түйіндердегі
казеозды ошақ та біртіндеп құрғап, ізбестеніп, сүйекке айналады.
Ізбестенген ошақтар сау адамдардың көбінің өкпесінен табылады. Мәйітті
зерттегенде ондай ошақтар 10 жасқа толмағандардың 6%-да, 10–15 жастағылардың –
25%-да, 20–30-дағылардың – 45%-да, ал 40-тан асқандардың барлығында дерлік
болады. Сонымен, организмге түскен туберкулез микобактериясы адамды
ауыртып қана қоймай,
жұғып , иммунитеттің қалыптасуына қолайлы әсерін тигізіп, қайта