Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет623/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   619   620   621   622   623   624   625   626   ...   832
Байланысты:
струков патан

275-сурет. Өкпенің туберкулемасы. 
Казеозды пневмония
, әдетте инфильтрациялы туберкулезден өрістейді. Онда 
казеозды аймақ перифокалды аймақтан көлемділеу болып, 
ацинустік

бөлікшелік

сегменттік
казеозды пневмония дамиды. Бұл ошақтар бірігіп, 
кейде өкпенің біраз жерін, тіпті бір бөлігін түгел қамтып, 
бөліктік сипат
алады. Казеозды пневмония көбіне бұрынғы үдерістерден (фиброзды-ошақты, 
инфильтрациялы пневмония немесе туберкулема) өріс алып, әлсіреген 
науқастарда байқалады. Оның біразы туберкулездің басқа нысандарының 
ақырғы кезеңінде, организмнің қорғаныс күші әлсірегенде дамиды. Казеозды 
пневмониямен сырқаттанғандардың өкпесі ұлғайып, қатаяды, кесіндісі сарғыш 
реңді болып, плевраның үстінде фибринді қабыршықтар түзіледі. Казеозды 
пневмония қазір сирек кездеседі. 
Жедел каверналы туберкулез
– инфильтрат-ошақтан немесе туберкулемадан 
туындайды. Инфильтрат ошақ немесе туберкулемадағы өлексе іріңдеп (276-
сурет), сұйылып, оған микобактериялар араласып, қақырықпен сыртқа бөлінеді, 
орны қуысқа айналып, каверна қалыптасады. Қақырықтағы микобактериялар 


Нуржігіт Алтынбеков 
499
үдерістің бронхыгендік жолмен өкпеге жайылу қаупін туғызады, қоршаған 
ортаға бөлінуі де мүмкін. Каверналар көбіне І немесе ІІ сегментте (өзін 
туындатқан бұрынғы ошақтардың орнында) қалыптасып, дөңгелек немесе 
солармен жалғасып жатады. Каверна қабырғасының құрылысы күрделі: ішкі 
қабаты казеозды өлекседен, ал сыртқы қабаты өкпенің қабынып, қатайған 
тінінен құрылады (276-суретті қара).
276-сурет. Өкпенің каверналы жедел туберкулезі. 
Фиброзды-каверналы туберкулез 
(277-сурет)

яғни 
өкпелік созылмалы 
көксау
жеделден созылмалы ағымдыға айналған каверналы туберкулезден 
дамиды. Кавернаның қабырғасы қатты, үш қабатты: ішкі - пиогенді (некрозды) 
қабатта ыдыраған лейкоциттер көп; ортанғы қабат туберкулезге тән 
грануляциялық тіннен түзіледі; сыртқы – дәнекер тінді, бұл қабаттан 
ателектазды өкпе тіні ұшырасады. Оның ішкі беті бұдырлы; қуысын бітеу 
бронхылар мен тромбылы тамырлар тарамы, ірілі-ұсақты қуыстарға бөліп 
тұрады. Әдетте, оң жақ өкпе ғана ауыр зақымдалады. Үдеріс І және ІІ сегментте 
бұрынырақ өрістеп, плевра қалыңдайды. Каверна бір немесе екі сегменттің 
көлемін қамтиды. Оның айналасында әртүрлі қабыну үдерісі дамып, 
бронхэктаздар пайда болады. Үдеріс өкпенің басқа жерлеріне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   619   620   621   622   623   624   625   626   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет