Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет626/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   622   623   624   625   626   627   628   629   ...   832
Байланысты:
струков патан

Этиологиясы мен патогенезі
. Сифилисті боз трепонема (
treponema
palladium
) қоздырады. Оны 1905 ж. Ф. Шаудин мен Э. Гоффман ашқан. Ол 
бактерияларға да, қарапайымдарға да ұқсайтын анаэроб. Трепонеманың L-
нысаны бар, кейбір науқастарда байқалатын серорезистенттілікті сол 
туындататын сияқты. Қоздырушы организмге эпидермис немесе шырышты 
қабықшаның зақымды эпителийі арқылы өтеді. Көбінесе 
жыныстық
жолмен 
кейде 
басқа да жолдармен
(тұрмыстық және кәсіптік сифилис) жұғады. Бұл 
жүре болған сифилис. Кейде ауру 
құрсақтағы ұрыққа жұғып

тума сифилис
дамиды. Морфологиялық және клиникалық бейнесі көрініс берерден бұрын 
жүре болған сифилис
инкубациялық кезеңнен өтеді. Бұл кезеңнің мерзімі 3 
апта. Трепонема тез арада лимфалық тамырлар мен сол аймақтың (егер 
жыныстық жолмен жұқса, шаптың) лимфалық түйіндеріне өтіп, қан арқылы 
бүкіл организмге жайылады. Сифилистің 3 даму кезеңі (периоды) бар: 
біріншілік кезең, екіншілік және үшіншілік (гуммалы) кезең. Организмнің 
сезімталдығы әр кезеңге сәйкес өзгеріп, тіндер де соған сәйкес жауап өрістетіп 
отырады. Сифилистің 
біріншілік кезеңі
организмнің сенсибилизациялану 
барысында дамыса, 
екіншілік кезеңде
ауру гиперергиялық негізде жалпы 
жайылады, ал соңғы 
үшіншілік кезеңде
иммунитет пен гиперсезімталдықтың 
баяу типі қалыптасып, жеке мүшелер (жүйелер) зақымдалады. 
Патологиялық анатомиясы
. Сифилистің даму барысында алуан түрлі 
өзгерістер дамып, ол аурудың әр кезеңіне сәйкес болады. 
Біріншілік кезеңде
трепонеманың кірген жері қатаяды. Көп кешікпей ол 
жерде түбі тегіс әрі май жаққандай жылтыр, шеміршектей қатты, жиегі біркелкі 
тегіс, дөңгелек пішінді, басқанда ауырмайтын ойық жара пайда болады. Бұл – 
сифилистік алғашқы аффект
, яғни 
қатты шанкр
деп аталатын ойық жара 
(
ulcus durum
). Бұл ауру жыныстық жолмен жұқса, ол жыныстық мүшелерде 
(еркектің жыныстық мүшесінің басында, әйелдің жыныстық мүшесінің кіші 
немесе үлкен сарпайында), ал басқа жолмен жұқса, – ауыздың шырышты 
қабықшасында, саусақта (акушерлер мен патологанатомдар) қалыптасады. 
Үдеріс тез арада лимфалық тамырлар мен сол аймақтың лимфалық түйіндеріне 
жайылып, алғашқы аффектімен қосылып, 
сифилистік біріншілік кешен
түзеді. 
Оның құрамындағы лимфалық түйіндер ұлғайып, қатаяды. Қатты шанкрдың 
жиегі мен түбіне лимфоциттер мен плазмациттер, бірен-саран нейтрофилді 
лейкоциттер шоғырланады. Бұл жасушалардың арасында трепонемалар көп 
болады. Жасушалар көбіне қан тамырларының төңірегіне жиналады. Эндотелий 
көбейіп, кейде қан тамырларының саңылауы бітеліп те қалады. Жасушалар 
біртіндеп толыса келе, талшықты дәнекер тіндік жолақтар өрістеп, 2-3 айдан 
соң алғашқы эффектінің орнын пигментсіз, кішірек тыртық басады. Лимфалық 
түйіндердің фолликулдары ұлғайып, синустары мен қан тамырларының 
эндотелийі түлеп, сыдырылады; ақырында шорланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   622   623   624   625   626   627   628   629   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет