Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет622/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   618   619   620   621   622   623   624   625   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
498
жазылған кезде қабықпен шектеліп, шала ізбестеніп, ірірек ошаққа айналады. 
Бұл ошақтарды алғаш рет неміс ғалымдары Л. Ашофф пен Х. Пул сипаттаған-
ды, сондықтан олар 
Ашофф–Пул ошақтары
деп аталады. Олар қайта 
жанданып, казеозды ацинустық немесе бөлікшелік пневмонияға ұласуға бейім. 
Кейде қабықпен қайта шектеліп, шала ізбестеніп, қайтадан Ашофф–Пул 
ошақтарына айналады; қайта жандану қабілетін де жоғалтпайды. Үдеріс 
өкпенің сыңарында ғана дамып, аумағы І, ІІ сегменттен аспайды. І және ІІ 
сегментте қабықпен шектеліп, ізбестенген Ашофф–Пул ошақтарымен 
(жазылған Абрикосов ошақтарымен) қатар біріншілік туберкулезден қалған 
гематогендік шашыранды ошақтар да болатынын ескерген жөн. Бұл 
шашыранды ошақтарды Г. Симон сипаттаған, сондықтан олар 
Симон 
ошақтары
деп аталады. Симон ошақтары Ашофф–Пул ошақтарынан кішірек; 
қос өкпенің ұшында, симметриялы жайғасады. 
Инфильтрациялы туберкулез
жедел ошақты туберкулез өршісе немесе 
фиброзды-ошақты туберкулез асқынса дамиды. Оның барысында экссудатты 
үдеріс казеозды ошақ кішіректеу болып, оның маңындағы (перифокалды) 
қабыну аймағы анағұрлым көлемді келеді. Бұл ошақтар 
Ассман–Редекердің
инфильтрат ошағы
деп аталады (рентгендік бейнесін алғаш рет осы ғалымдар 
сипаттаған). Науқас ауруынан жазылған кезде, бейспецификалы перифокалды 
қабыну үдерісі тарап, өкпеде бір-екі кішіректеу толық жазылмаған казеозды 
ошақ қалады. Кейін ол ошақтардың төңірегі қабықпен шектеліп, 
инфильтрациялы туберкулез қайтадан өкпенің бір бөлігін түгел қамтыса, 
инфильтрациялы туберкулездің жедел нысаны – 
лобит
дамығаны. 
Туберкулема
– инфильтрациялы туберкулездің ерекше даму барысын 
бейнелейтін салдарлық туберкулез. Перифокалдық қабыну аймағы тарап, 
қабықпен қоршалған казеозды некроз ошағы ғана қалады (275-сурет). Оның 
диаметрі 2-5 см, көбіне оң жақ өкпенің І немесе ІІ сегментінде жайғасады. 
Туберкулема айқын шектелген, сондықтан рентген тәсілін қолданғанда оның 
біразын өкпенің шеткі карциномасынан ажыратып алу оңай емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   618   619   620   621   622   623   624   625   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет