Нуржігіт Алтынбеков
511
бүкіл организмге жайылады, сондықтан бұл аурудың клиникалық бейнесінде
тромбылық эмболия синдромының нышандары басым болады. Эмболияның
салдарынан кейде өкпеде, талақта, бүйректе, көздің торлы қабықшасында
инфарктілер, теріде некрозды ошақтар, аяқ пен қолда және ішекте гангрена
дамып, мидың кейбір жерлері жұмсарады. Тромбылық эмболдарда
стрептококтар болғанмен, тіндер іріңдемейді. Бұл жайт сепсистік эндокардит
организмде гиперсезімталдық жауап қалыптастыратындығының дәлелі.
Патоморфозы.
Соңғы онжылдықтарда сепсистік эндокардиттің клиникалық
және морфологиялық бейнесі айтарлықтай өзгерді. Антибиотиктерді
қолданғанға дейін сепсистік эндокардит ең ауыр ағымды, әрі үнемі өлімге
ұшырататын ауру еді. Антибиотиктерді көп қолданғанда қақпақшалардағы
сепсистік үдерістер жойылып, ондағы грануляциялық тін тез жетіліп, организм
сепсистік ошақтан тазарады. Дегенмен, оның зияны да бар: қақпақшалардың
сиқы бұзылып, бұрынғы кемістіктің асқына түсуіне немесе жаңа кемістіктің
қалыптасуына жағдай туғызады. Бірнеше жыл емдегеннен кейін көбіне
жүректің қызметі жеткіліксіз болып, ақыры өлімге ұшыратады. Емделіп,
сепсистік үдерістен айығып, кейін жүрек қызметі жетіліксіздігінен өлгендердің
мәйітін зерттегенде, көбіне қолқалық немесе қолқа мен қосжақтаулы
қақпақшалардың жақтаушалары мен айшықтары тесіліп, сыйқы өте бұзылғанын
көреміз. Миокардта ауыр әсерлі дистрофия байқалады. Патоморфоздың
нышандары сепсистік эндокардиттің этиологиясына да (көбіне стафилококк пен
грамтеріс бактериялар), нысанына да (қазір сепсистік біріншілік эндокардит
жиі), клиникалық және морфологиялық бейнесіне де, асқыну зардаптарына да
қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: